Әнші Гүлмира Ізбасханова: Араб жігіті мені әйелдікке алса, тек қуанар едім

Әнші Гүлмира Ізбасханова: Араб жігіті мені әйелдікке алса, тек қуанар едім

Жас әнші Гүлмира Ізбасханова араб жігіттеріне тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына қатысты ойын айтты. Әнші қыз араб жігітіне әйел болуға өзі де қарсы емес екенін мойындады.

Гүлмира Ізбасханова қазақ халқының жігіттері шашы ұзын, қарапайым қыздарды жақсы көретінін айтты. Әнші бұл ретте шетелдің мәдениеті дамығанын атап өтті. 

“Біздің қазақтың жігіттері шашы ұзын қыздарды жақсы көреді. Біздің халықтың менталитеті сондай. Менің шашым қысқа. Шалбар киіп жүремін. Бірақ шашы ұзын, әдемі құрбыларым бар. Қызыл диплом алған. Бірақ тұрмыс құрмаған. Неге сол қыздарды жігіттер әйел етіп алмайды? Осындайдан соң бәрі шетелдіктерге тиеді. Мәселе ақшада емес. Қазақтың небір жігіттерін де көргенбіз. 10 миллиондап қалың мал беріп жатқан қазақтар да бар”, – деді әнші “Көреміз” бағдарламасында.

Гүлмираның айтуынша, шетел азаматтарының жар таңдағанда талғамы әртүрлі. Оларда қағида жоқ. 


"Он төрт сиыр, он екі бие сауатынмын": Қазақ азаматына тұрмысқа шыққан корейлік әйел ауылдағы тұрмысы мен қазақ тілін үйренуі жайлы айтты
"Мұсылманмын, жүрегімде иманым бар": 42 жастағы неміс қазақ әйеліне үйленіп, дәстүрді ұстанады

“Шетелде шашыңа ешкім қарамайды. Ұзын-қысқа демейді. Бір балаң болса да, жақсы көрсе, ешнәрсеге қарамайды. Ол жақта мәдениет бар. Егер маған араб жігіті сөз салса, мен де қарсы болмас едім. Егер үйленгісі келсе, қазақ жігіттері қайда жүр? Мен неге басым бос болып жүрмін. Араб жігіті мені бақытты қылам десе, неге одан бас тартамын. Олар мұсылмандар. Сондықтан келісім беретін едім. Ал мұсылман емес ұлтқа қарсы болар едім” ,- деді жас әнші. 

Әншінің сөзін қостағандар да, қарсы шыққандар да бар. Бірі бастысы қыздың бақытты болғанын қаласа, бірі өз ұлтыңның етегінен ұста деп кеңес етті. 

Айта кетейік, бұған дейін араб жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жайлы жазған едік. Сауд Арабиядан келген күйеужігіт Динара Мұсабаеваға Шымкенттен үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Сол сияқты блогер Айнұр Рахметова Пәкістан азаматымен отбасын құрды. 

Кореялық жігітке тұрмысқа шыққан Аружан есімді ару да Stan.kz сайтына сұхбат берген еді. Гүлназ есімді ару ағылшынның Марк есімді азаматына тұрмысқа шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста