Әнші Бүркіт жаңа бейнебаянға қатысты халықтың пікірлеріне жауап берді (видео)

Танымал әнші Бүркіт өзінің жұбайы Аишамен бірге түсірген жаңа бейнебаянға қатысты халықтың пікірлеріне жауап берді.

Жақында Бүркіт пен Аишаның «Әгугай» әніне түсірілген бейнеклипі көрермендерге жол тартқан еді. Жаңа туындыға өз бағаларын беріп үлгерген тыңдармандар қос жұлдыздың Инстаграмдағы парақшаларына пікірлерін қалдыруда.

Бірі: «Клип клип емес - нағыз кино болған», «Маған қатты ұнады», «Тамаша, стилі де, бағыты да өзгеше»- деп жазса, бірі: «Мүлдем ұнамады. Әні тіпте түсініксіз, не жайында, кім жайында? Оның ішіне төбелес, атыс-жарыстар не үшін керек. Мына өлеңмен тек билеп тұра беру керек сияқты. Мағынасын көрмедім», «Өлеңге клип сәйкес келмейді», - деген секілді ойларын білдірді.

Ал Бүркіт болса, жаңа туындылары өздеріне қатты ұнағанын мәлім етті. «Не болса да, өзімізге клип қатты ұнады! Жаңа бағыт секілді... #gakkuentertainment өзгеше түсірді. Біраз тыңдармандарымыз мұндайды бізден күтпеген секілді. Бірақ мұндай клип Қазақстанда осы күнге дейін түсірілмегені рас! Барша xалқымызға, көрермендерімізге пікірлеріңіз үшін үлкен раxмет. Айтпақшы, мағынасы туралы, мағынасы бірнеше фильмдерге жарнама секілді үзінділер болып түсірілсін деген мақсатпен режиссердің ойы жүзеге асып отыр!», - деп жауап қайырды ол. 

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста