Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Әнші Асхат Тарғын өз теңін тауып, шаңырақ көтерді. Оның қалыңдығы Әлия есімді 23 жастағы бойжеткен. Қазақстанның барлық қаласын аралап жүріп тапқан қалыңдыңдығы жайлы Асхаттың өзі алғаш рет Stan.kz сайты тілшісіне айтып, суретін көрсетті.
Әншінің өзі қазір 35 жаста. Оның бірінші әйелінен Айым есімді қызы бар. Асхат үнемі қызын қолдап, өнерге яғни әншілікте жол көрсетіп жүрген үлгілі әке.

– Асхат болашақ жарыңызбен қалай және қайда таныстыңыздар?

– Мен Әлиямен тойда таныстым. Таныс жігіттің туысының тойына барғанбыз. Әрине мен ән айтуға шақыртылған едім. Әлия сонда қонаққа келіпті. Содан сол жерде таныстық. Сол таныстығымыз достыққа, достықтан махаббатқа ұласты.

– Қалыңдығыңыз өнер адамы ма?

– Жоқ, оның мамандығы мүлде бөлек. Қазірше жұмыс істемейді. ЖОО былтыр ғана бітірген. Алдағы уақытта жұмыс істеймін деп жатса еш қарсылығым жоқ.

– Әлия қай қаланың қызы?
– Әлия Алматы облысының тумасы. Қазіргі күні ата-анасымен осы Алматы қаласында тұрады. Негізі, аталары Ақтөбе облысының адамдары. Жарты ғасыр бұрын оңтүстікке көшіп кеткен.

– Той қай күні және қай қалада болады?

– Тойды осы Алматыда жасайтын болдық. 12 сәуір күні болады.

– Жақсы, бақытты болыңыздар. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста