Әнмен өрілген өмірге ескерткіш қойылды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Алматыда қазақ музыкасы мен драма мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әнші, дәстүрлі ән өнерінің көрнекті тұлғасы, фольклорымыздың дарынды насихаттаушысы Жүсіпбек Елебековке ескерткіш қойылды. Енді Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжіне келген адам ең алдымен оның еңселі мүсініне жолығатын болды.
Заманында қазақтың әнін күллі Еу­ро­па­ға танытқан Әміре «Жүсіпбектен асқан ән­шіні әлі естіген емеспін» деген ғой. Әмі­ре­ден бата алған табиғи талантқа тағдыр қаза­қ­тың ән өнерінің жанашыры, оны ұр­пақ­тан-ұрпаққа жалғастырушы болуды жаз­ды. Қарқаралыда, Арқаның әншілік дәс­түрінің ортасында туған Жүсіпбек бес жасында ағасы Жақыпбек Балғабайұлынан бастап, есейіп, азамат болғанша осы қа­сиет­ті даланың дарабоздары Ғаббас Айт­баев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтардың өнегесін алды. Өт­кенді жаңғыртуды, жалғастыруды ойлай жүріп, жетілдіруді, жас ұрпаққа жаңаша үйретуді де естен шығармады. Сөйтіп, есімі ұмытылған халық әнші-сазгерлерінің, кейін ұлы Абайдың, әннің бекзаты – Ақан се­рінің, жаны сұлу Біржан салдың, ән өне­рі­не өзіндік бағыт берген Жаяу Мұса мен Ба­луан Шолақтың, Мәди, Естай, Майра, Ыбы­райлардың шығармаларын қара домбырасымен жалпақ жұртқа насихаттап, олардың қай-қайсысына да Елебековше әр беріп отырды. Халықтың бай музыкалық мұрасын орындаушылық жағынан клас­си­ка­лық деңгейге  көтеріп, оларға зерт­теу­ші­лердің көзқарасын аудара білді. Ел ау­зын­дағы шығармаларды нотаға түсіріп, құнды дүниелер қатарына қосты. Жү­сіп­бек­тің сахнадағы өнері ұлттық дра­ма­тур­гия­ның, оның ішінде, қазақ операсы мен балетінің ешкімге жалтақтамай өріс алуына ық­пал етті. Ал оның педагогикалық қыз­ме­ті тіпті ұшан-теңіз. Жезтаңдай дарыннан тәлім алған небір жас халық әндерін орындаудың қас шеберлері атанды. Мәдениет Ешекеев, Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, Ғалым Мұхамедин, Мырзахмет Мү­ка­ма­нов, Тұрсынғазы Рахимов, Келденбай Өл­ме­секов сияқты Жүсіпбек мектебінен шық­қан дүлдүлдер кейін дәстүрлі ән өнерінің талай-талай талапты өкілдерін туғызды. Бүгінде олардың өзінің шәкірттері бір-бір тұлғаға айналды.
Рамазан Стамғазиев, әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– Жүсекең – ғасырлардан ғасыр­лар­ға жеткен қазақтың әншілік дәс­тү­рінің аты аңызға айналған өкілі. Жү­се­кең­ атын­дағы колледжді бітірген барлық дәс­түрлі әншілер, осы әншілік дәстүрді қа­дірлейтін басқа да тұлғалар бүгін жиы­лып, қойылған мүсінге риза­шы­лығын білдіріп жатыр. Жүсекеңнің жары – Хабиба апамыз бен сол кісі­лер­дің өкшесін басқан қазақтың халық әр­тіс­те­рі, еңбек сіңірген әртістері, мем­ле­кет­тік сыйлықтардың лауреаты атанған ал­дыңғы буын аға-апаларымыздың бә­рі бүгін Жүсекеңнің мүсініне тағзым етіп, дүбірлі кештің көрігін одан әрі қыздыруда. Жүсекеңнің еткен еңбегі халықтың есінде мәңгі сақталады, өнердегі дәстүрі әлі де жалғаса бе­ре­ді!
Халық әртісі атындағы Рес­пуб­ли­ка­лық эстрада-цирк колледжінің кіреберісіне қойылған ескерткіштің ашылуына дәстүрлі ән саласының, ұлттық сахна өнерінің май­тал­мандары тегіс жиналды. Төрде күміс көмейдің адал жары, 95-тегі кейуана, бүгінгі театр әртістерінің анасы – Хабиба Елебекова отырды. Ашылған ескерткіш әп-сәтте құшақ-құшақ гүлге толды. «Жо­ба­мен жарты жыл бойы жұмыс істедік. Эс­киз­дерін колледж басшылығы Хабиба апаймен бірге қарап, ұсыныстарын айтып отырды. Алдымен макеті ғаныштан жа­сал­ды, кейін мүсінді Қордайдың гранитінен со­ғып, орнаттық. Жүсіпбек Елебековпен бірге жүрген ақсақалдардың айтуына қа­ра­ғанда, мүсін ол кісінің табиғатына дәл келеді. «Жүсекеңнің бет-әлпеті ғана емес, ішкі сезімі де көрініп тұр» деп айтып жатыр. Мүсіннің сәтті шығып, лайықты орнына қойы­лғаны мен үшін өте қуанышты», – дейді мүсіннің авторы, Т.Жүргенов атын­да­ғы Қазақ ұлттық өнер академиясының мүсін кафедрасының оқытушысы, про­фес­сор Мәлік Жүнісбаев. «Жүсіпбек Елебековті «ұлттық өнеріміздің пайғамбары» десек, артық болмайды. Мұндай адамдардың қай­тып тууы екіталай. Жүсекеңдердің, Ғаре­кеңдердің, Қаллекилердің ізін ала Шәкен Айманов бастаған таланттар буыны келді. Жүсекең Шәкенді ерекше жақсы көріп, «Хабиба, Шәкеннің сыбағасын сақ­тап қой» деп отырушы еді. Шәкеннің аман­дасуға қолы тимей кеткен күндері «Әй, ана бала қайда жүр?» деп сағынып оты­ратын. Ұлыларды ұлы махаббат табыс­тырады. Мен Жүсекең, Ғарекең сияқты ұлыларды көріп қалғаныма өзімді бақытты са­най­мын», – деп, өзінің лебізін білдірген актер, режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов ел ішіндегі талантты қа­ра­до­ма­лақ­тардың жолын ашу мәселесіне көпшіліктің на­зарын аударды. «Республикалық эс­тра­да-цирк колледжі – шынымен де, өнердің бір керемет ордасы. Талай таланттар осы­дан шықты. Мына жерде Білім және ғылым министрлігінің өкілдері отыр, сіздерге ай­та­рым, бұл колледжге, өнерге көбірек көңіл бөліңіздер! Оқуды ақылы етіп, өнер мен білімді саудаға салуды қойыңыздар! Таланттың бәрі ауылдан шығады. Ал ауыл­да ақша жоқ! Сөйтіп, талант сол күйінше қа­лады. Сондықтан, керісінше, талантты балаларды көп қабылдап, оларға шә­кір­т­ақы беріңіздер! Байлардың дарынсыз бала­ларын оқытудан колледждің беделі тө­мен­дейді! Бұл колледжді, тіпті өнер са­ла­сында жоғары білім беретін оқу орнына айналдыру керек. Осындай оқу орындарын аймақтарда ашу қажет. Бұл іске ме­ценаттар көңіл бөлуі тиіс!» деген Әші­мов­ке сту­дент­тер қауымы қол шапалақтап, айрықша қошемет көрсетті. Асанәлі ақ­са­қал­дан кейін Жү­сіпбек әншінің көзін көр­гендер мен тә­лі­мін алғандар кезек-кезек шығып, сөз сөйледі.
Әшірбек Сығай, театр сыншысы, аудар­ма­шы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Әдемі әнмен өрілген өмір еңселі де биік тұғырға қонды. Қазақ халқының басына көтеріп, маңдайына басқан дүлдүл  әншісі бүгін тағы да өз халқының ор­тасынан үн қатып тұр. Ол фи­лар­мо­ниялық, концерттік орындаушы ғана емес, драма әртісі, опера әншісі де еді. Опе­рада «Қыз Жібектегі» Төлегенді айтса, драмада «Еңлік-Кебектегі» Жа­пал­ды ойнады. Бұл  сонау  Қарқа­ралы­дан келген қарадомалақ баланың жан-жақ­ты қырын, ішкі бай әлемін, биік ру­хын көрсетеді. Мен бірде «Екі жақсы қосылмайды» дегенді қазақтың қымыз ішіп отырып айта салған бопса сөзі деп жазып едім. Сол сөзімнің дәлелі – екі жақсы қосылмайтын болса, Жүсекең қазақтың тамаша қыздарының бірі – Хабиба апайға қосылар ма еді?! Екеуі­нің ғұмыры – эстетикалық гармония. Қазақтың әнін жүрегімен, кеудесімен, тұла бойымен, тамырымен айтқан Жүсекеңнің мектебі мәңгілік. Жүсекең Біржан, Ақандардың, Қали Бай­жа­нов­тар­дың құнды дүниелерін алып қалып, бері жылжытты. Қайрат Байбосынов пен Жәнібек Кәрменовтер және кейінгі буын Жүсекеңнің сол жеткізіп берген мұ­расын әрі қарай дамытты.
Тұңғышбай Жаманқұлов, актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі:
– Қазақ халқының бағы аспандап тұр­са, тарихта ізі қалып жатса, неше ықы­лым замандарда өзінің атын өшір­мей, бүгінге жетіп жатса, онда, ең бі­рін­ші, бұл Жүсекеңдер сияқты жүй­рік­те­рі­нің арқасы ғой деп ойлау керек. Халықтың өнері – елдің маңдайындағы асыл тасы, басындағы алтын тәжі. Ол тәж жарқыраған сайын халықтың да мерейі өсе түседі. Жылдан-жылға жан-жағымызға бажайлай қарағанда, осыған көзіміз жетіп келеді. Халықтың есінде «цементтеліп» қалған Жүсіпбек, Манарбек, Ғарифолла ағалар – кейінгі ұрпаққа қазақтың қазақ екенін ұмыт­тыр­майтындай ерекше әсер еткен тұлғалар. Міне, бүгін ұлы тұлғамыздың өзінің құттыхана «мешітінің» алдындағы мүсіні қара домбырасын құшақтап, ел-жұртқа халқының өнерін, мәдениетін аманаттап, соны биік ұстауға шақырып тұрғандай. Жүсекең эстет әнші болатын. Бұл кісінің жүріс-тұрысы да өнеріне сай, таза, тағылымды еді. Ал Хабиба апа­мыздың Жүсекеңді ұлағаттап, та­бы­нып жүруі бізге қазақ халқының ұлы азаматын, өнерпазын ұлықтаудың мы­са­лын көрсетті.
Хабиба Елебекова, Ж.Елебековтің жары, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– Шіркін, бұл дүниеде өнерге жететін ештеңе жоқ деп білемін. Өнер бар жерде өмір бар. Өнерсіз өмірдің сәні жоқ. Сол көркем өнердің ішінде адам­ның бойын тез елітіп, өзіне еркін тартып алатыны – ән. Мен бұл өнерді қадірлеп, түсініп айтатын азаматтарға алғысымды айтқым келеді. Жүсекеңнің мүсінін жа­са­ған азаматқа да алғысым үлкен. Жи­нал­ған қауым, бәріңізге осы істі қолға алғандарыңызға рақметімді айтамын! Қазақ халқына тыныштық берсін! Кең жазира даланы халқым ешкімге бермей сақ­тап өткен. Бірақ бізді Ресейдің өзі «қайсақ», «қырғыз» дейтін. Ал бүгінде әлемде қазақты білмейтін халық жоқ. Азғантай жылдың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзін де, халқын да жер жүзіне танытты! Мен бүгін соған қуанамын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста