Анджелина Джоли мен Брэд Питтің балалар тәрбиесіне қатысты 10 кеңесі (фото)
Жақсы ата-ана болу – оңай шаруа емес. Дегенмен 6 баласы бар Голливуд жұлдыздары Анджелина Джоли мен Бред Питт бұл міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Жұлдызды жұптың бала тәрбиелеудегі 10 кеңесін bigpicture.ru сайты тізбектеп шықты.
Анджелина Джолидің кеңестері:
1. Мұғалімнің еңбекақысы сай болуы тиіс
«Мен АҚШ сияқты бай елде мұғалімдерге аз жалақы аз төленетініне ұяламын. Бұл ақылға қонымсыз! Олар біздің өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Брэд екеуіміз мұғалімдер мен репетиторларға ақы төлеуде саудаласудан аулақпыз. Себебі, олардың еңбегін бағаламау – болашақтың құнын түсіру», — дейді Джоли.
2. Менің үйім балаларым тұрып жатқан жерде
«Мен көшуден қорықпаймын. Америкалықтар үшін бұл оңай. Себебі, барлығымызда әлемнің түкпірінен жиналғанбыз. Әкемнің голландтықтар, немістер және чехтермен қаны аралас. Анамның ата-бабалары ирокез үндістер. Енді ана атанғаннан кейін маған қай жерде тұрсам да, баларыммен бірге болған маңызды».
3. Балалар — ата-аналарды кешірудің басты себебі
«Мені тәрбиелеген әкем мінсіз кісі болмаса да балаларыммен қарым-қатынасыма өз үлесін қосты. Балаларым дүниеге келгелі ата-анамды жақсы түсіне бастадым. Бұл кешіруге үйрену үшін таптырмайтын уақыт. Әкемнің жіберген кей қателіктерінің арқасында, бүгінде мен өз балаларыма жақсы ана болуға тырысып жүрмін», — деп ағынан жарылды Анджелина.
4. Мінсіз әке — өзін қиын жағдайда сабырлы ұстауы керек
«Мінсіз әке — өзін қиын жағдайда сабырлы ұстап, істеріне жауап бере алатын азамат. Күш-қайрат танытып, өз балаларымен туындаған келеңсіздіктерді еңсере білетін адам», — деп жалғастырды Джоли.
5. Біз сөзге келіскен жағдайда куәгерлердің болмауына мән береміз
«Брэдті сабырсыздандыру мүмкін емес. Ол қашан да ақылын тыңдайтын жан. Осыншама балалармыз бола тұра өзін салмақты ұстайды! Ал мен аздап қызбалыққа салынып қоямын. Дегенмен, мәселе балаларымызға келіп тірелгенде біздің ойымыз қашан да бір жерден шығады. Бір-бірімен келіспей жатқан ата-ана — ең нашар ата-ана. Егер арамызда түсініспеушіліктер болып жатса, біз оны балаларымызға сездірмеуге тырысамыз. Сол себепті, мен Мэддокске әкесімен мотоциклге отыруға болмайды десем, ол еш уақытта әкесінен рұқсат сұрап, мазасын алып жатпайды. Алайда, ол сөзіме құлақ аспай, кір жұққан киіммен немесе жыртық кроссовкамен ойынға кеткенде Брэдке дауыс көтеретін кездерім болады. Олар мені бұл тұрғыда тыңдап жатпайды. Бұл барлық ұлдарға тән!», — дейді Джоли.
Брэд Питтің кеңестері:
6. Балалар кім болғысы келетіндерін өздері шешу керек
«Біз балаларға өз болашағын өздері таңдауына мүмкіндік жасаймыз. Бала кезімде Траволтаның жанкүйері болатынмын. Жеткіншек болғанда репортер болуды армандайтынмын. Кейін дискоға назарым ауды. Мен Джон Траволтаның “Лихорадка субботнего вечера” фильмінде билегенін көріп, соған ұқсап бағуға тырыстым. Маған оның костюмі қатты ұнайтын. Біраздан соң фотогрофтарға қызыға бастадым. Мен камерама бәрін түсіре бердім. Одан кейін архитектураны ұнаттым. Осыдан кейін, балаларыма болашақта кім болатынын қалайша нұсқай аламын?», — дейді Питт.
7. Біз балаларымызға қандай да бір дінді таңудан аулақпыз
«Энджи екеуіміздің дініміз бен ұлтымыз бөлек. Біз балаларымызға қандай да бір дінді таңудан аулақпыз. Мысалға, мені баптист ретінде тәрбиелеп келді. Дегенмен мен ешуақытта ата-аналарымдай бар жігеріммен сыйынуды қаламайтынмын. Ата-аналарым өте діншіл адамдар болатын. Мен дінге берілгендерді сыйлауға үйрететін Спрингфилд қаласында өстім. Бірақ шынымды айтсам мені шіркеудегі сұлу қыздар көбірек қызықтыратын. Бұл үлкен қателік болды. Себебі пастор менің бұл қызығушылығымды байқап қойып, барлық адамдардың көзінше дұғаны дауыстап оқуға мәжбүрлеген болатын. Нағыз масқара болды. Содан кейін мен өте ұяң болып қалдым!», — деп естеліктерімен бөлісті Брэд.
8. Біздің отбасымызда атаққұмарлыққа жол жабық
«Мен балаларыма әке болмай тұрып жұлдыз атандым. Енді менің өмірімде басты орынды балаларым алады. Бұған әжептәуір күш-қуат қажет. Көзімнің асты қарауытып кеткенін байқаған шығарсыз? Егер жанкүйерлерім менің таңертеңгі уақыттағы түрімді көрсе, көңілдері қалар еді. Әке атанғандар менменшілдіктен арылуы керек. Бұрындары мен «бүгінге жоспарлар қандай?» деген оймен оянатынмын. Ал қазір бірінші кезекке «жұмысты қашан бітіремін?» деген сұрақты қоямын. Айырмашылығын байқаған шығарсыздар?», — дейді Питт.
9. Біздер оларды бөліп-жармаймыз
«Кейбіреуі туған баламыз, ал кейбірін асырап алдық. Дегенмен оларды бөліп-жармауға тырысамыз. Жетімді асырап алып, оларға үміт сыйлау – біздің борышымыз!», — деп сөзін жалғастырды әртіс.
10. Ата-ана атануға құлшыныс жоғары болу керек
«Балалар көп жақсылық сыйлады. Тыныштық, қуаныш, балалардың аяққа тұруына күш салу – мұның бәрі балалармен келеді. Мен отбасыммен көкке шығып, балаларыма жаңа ойындар ойлап табуды ұнатамын. Бұған көп күш кетеді! Барлық ата-аналар секілді мен де балаларыма үлкен сеніммен қараймын. Оларға өмірінде өз орындарын табу үшін менің есімім кедергі болмайды деп үміттенемін. Мен көптеген балалардың үлкен мұраға ие бола алмай, құрдымға кетіп жатқанын көрдім. Балаларым оларға барлық жағдайды жасап отырғанымды түсінеді деген үміттемін. Кішкентай кезімде 25 жұп кроссовкам болған емес. Ата-анам тек біреуін әбден тоздырғанда, жаңасын алатын. Балаларым жақсы оқып, үлкендерді сыйлап жүргенін қалаймын. Тағы не дейін? Олардың әр қайсысы — менің өмірімнің бір бөлшегі. Мәңгілікке», — деп сөзін аяқтады Брэд Питт.