Анам айтқан жалған сөздер

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ұшақтың ішінде отырғанбыз. Белгілі сазгер ағам Алтынбек Қоразбаев «Қазақ әдебиеті» газетін ұсынып: «Мына мақаланы оқышы, ғажап екен. Бірнеше адамға оқыттым. Бәрі де қатты толқыды. Жеңіс Ысқақова ебіл-дебіл жылады», – дегені. Алдында ғана мақаланың «Анам айтқан жалған сөздер» , – деген тақырыбына көңілім толмаған соң, көз тоқтатпай өте шыққан едім. «Анасына да кінә тағады екен» деп мардымсу ғой баяғы. Жеңіс Ысқақованың ер мінезін еріткен не екен сонша? Оқыдым. Оқыдым да толқыдым. Қасымдағы адамға ұсындым. Ол да оқыды. Ол да толқыды. Сол «Қазақ әдебиетін» өзіммен бірге алып жүріп, он шақты адамға оқыттым. Олар да толқыды. Әріптестеріммен ақылдасып, сол мақаланы өзгертпей өз газетімізде қайта басуды жөн деп таптық. Бұл мақаланы оқыған соң сіздер де толқисыздар. Көңіліңіз өрекпіп, қолыңызға қалам алып, хат жазғыңыз келеді. Жазыңыздар, жақындарыңызға деген жүрекжарды сырларыңызды ірікпеңіздер. Біз сонда ғана бір-бірімізге жақындай түсеміз. Шын жақсы көрудің қандай болатынын ұмытып бара жатқанымыз өтірік пе? Жақсы көруді де үйрену керек деген сөзге иланасыз ба? Расында да, солай шығар...
                                                                                                                                 Серік ЖАНБОЛАТ

Жүректің қылын шертетін осы бір ша­­ғын дүниені massaget.kz сайтынан кө­зіміз шалды. Авторы да белгісіз. Қай­сар Қауым­бек­ұлы аударыпты. Ав­то­рын білмекші бо­лып, Қайсарға хабар­ластық. Өзі де ша­ғын блогтерден кез­дестіріп, дерегін тап­пап­ты. Мейлі, кім жаз­са да шындықтың жал­ғаны­на ке­ші­рім­­мен қарауға болатынын бірінші рет сезін­дік.
Бала күнімізде отбасылық жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің тақсіреті ма­ған сезілмесе де, шешеме қатты батты. Киер киім, ішер асқа жарымай жүргенде, ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп берер еді. «Құлыным, жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.
Ержете бастаған шағымда, базардағы қым­бат зат немесе дәрумендер алып беру­ге шешемнің қалтасында көк тиыны жоқ еді. Үнемі жақын маңдағы өзеннен балық аулап келетін. Мен балық етін жеп, сор­па­сын ішкен сәттерімде, ол үнемі сіренің (үс­тел) шетінде отырып, балық сүйегін мү­жи­тін. Анам қайнатқан балық сорпасының дәмі әлі күнге таңдайымда. Үнемі шы­ны­сы­на ет салып берсем, «Өзің жей ғой, білесің ғой, мен балық етін ұнатпаймын» деп, қайтадан өз ыдысыма салып қоятын. Бұл оның екінші жалған сөзі болатын.
Орта мектепте оқып жүрген кезімде, ме­нің оқу және киіміме кететін қара­жа­тым­ды қамдау үшін үнемі түні бойы мар­дым­сыз ақша үшін тігіншілікпен айна­лы­са­тын. Түн ортасында оянсам, бүкшиіп киім тігіп отырған анамды көре­тін­мін. «Шеше, ұйықтаңызшы, таңертең тағы жұмысқа барасыз» десем, «Ұйықтай бер, құлыным, менің әлі ұйқым келген жоқ» дейтін еді. Ал бұл сәтте таң ағаруға жақын қал­ғанын іштей сезіп жататын едім. Бұл оның үшінші жалған сөзі еді.
Жоғары оқу орнына емтихан тапсырар күні мектеп қақпасының алдында, шақы­рай­ған күн астында мені күтіп тұрған анам­ды көрдім. Өзге ата-аналар секілді дү­кен­нен салқын су алуға ақшасы жоқ шешем ма­ған бола қант қосылған қара шай алып келіпті. Үш сағат бойына мені күтіп тұрған байғұс шешемнің ерні кеберсіп кетсе де, әлі нәр татпағанын білдім. «Өзіңіз ішіңіз» деп ұсынып ем, «Жаңа ғана іштім, әлі шөл­де­ген жоқпын» деді. Кесе түбіне анамның мейір-шапағаты тұнғанын сезетінмін. Сарқып ішіп, анамды құшақтадым. Бұл оның төртінші жалған сөзі еді.
Әкем өмірден озғанда анам тым жас еді. Жалғыздықтың азабын аз тартқан жоқ. Тігіншілікпен тапқан аз ғана нәпақасымен мені оқытты, республикалық әйгілі уни­вер­ситетке қабылдандым. Нағашы апайым­­ның жазған хатынан үнемі жалғыз бас, ақкөңіл көрші ағайдың анама көмек­те­сіп, отын-суын әкелісіп, ірілі-ұсақты ша­руа­ларына қолғабыс етіп жүретінін білдім. Апайымның ойы да маған белгілі еді. Әкемді қанша сағынсам да, анамның жана­шырсыз, жалғыздығын ойлап, үнемі демалысқа барған кезімде сол ағай туралы айтатын едім. «Әй, өзі бір ақпейіл жан... бірақ ұлым... мен оны ұнатпаймын ғой... өз жайың қалай, маған ертерек келін керек» деп күлімсірейтін. Әңгімені басқа жаққа бұра бастағанынан мен оның тағы да жалған сөйлеп тұрғанын сезетінмін. Бұл бесіншісі еді.
Университет бітірген жылы жұмыс жайымен сол қалада қалып қойдым. Жалақым бір басыма жетпей жүрсе де, үнемі анама ақша салып тұратын болдым. Бірақ сол ақшам әр жолы өзіме қайтып келе­тін еді. Және «Құлыным, менің өз табы­сым өзіме жетеді. Сен қиналып қалма» деген сөз бар хаттар да келетін. Жыл соңында ауылға қайтқанымда анам­ның жұмыссыз қалғанын бір-ақ білдім. Сонда ғана оның маған тағы да жалған сөз айтқанын ойлап, көзіме жас іркілді.
Екі жылдан кейін мен Америкадағы бір әйгілі университетте докторлықты оқы­дым. Оқуым біткен соң айлығы да жоғары, үлкен бір зерттеу орнының өтінішін қимай сонда қалып қойдым. Ауылдағы анама ақша да, сыйлықтар да жіберіп тұрдым. Анам­ды қанша сағынсам да, бала күнімнен бері талпынған бұл еңбегімнің жемісін әлі көрмеген едім. Сол үшін қайтпадым. Ал анам «Мен ол жерге көне алмаймын» деп қасы­ма келуге қарсы болатын. Бұл оның әрі жалған, әрі шын сөзі еді.
Анам да қартайды. Бір күні ауылдан шұ­ғыл шақырту келді. Жүрегім аузыма ты­ғы­лардай үрей мен алаңдаушылық ішін­де ауылға жол тарттым. Ауыр асқазан рагына шалдыққан анам емханаға түсіпті. Тәңірден күн сайын анамның амандығын тіледім. Ота аяқталғанда анамның жаны зор­ға қалған еді. Жанға батқан ауру азабы тіптен қартайтып жіберіпті. Осыншама уақыт­тан бері күн сайын оны сағынсам да, қа­дірін ешқашан жете түсінбеппін. Нар­коз­дан әлі оянбаған анамды құшақтап, егіліп жыладым. Аз-кем уақыттан соң ғана көзін ашып, маған күлімсіреп қараған анам қау­қар­сыз саусақтарымен менің қазандай басымнан сипап, «Құлыным, жазылдым ғой, міне. Еш жерім ауырған жоқ...» деді. Мен оның ұлына айтқан ең соңғы жалған сөзін естігенімде, көз алдымда аспан ауып бара жатқандай мең-зең күй кештім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста