Аналар орталығы ашылды

Тарихта қолына қару алып, топ бастаған да, төрелік айтып, сөз бастаған да, отбасын ұйытып, ұрпағына мәуелі ағаштай өнегелі тәрбие берген де бірегей аналар өткен. Қазақы нақылымыз «жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» дегеніндей, адам баласының тазалық тәлім бұлағынан сусындауы әкесінің тектілігіне ғана қатысты емес, анасының ақылына да байланысты. Қазақ әйелі әдептілік пен ибалықтан аттамаған, өзгені даттамаған, тек татулықты сақтап отырған – от Анасы, Ұмай Ана! Тағылымды ізді жалғамақ ниетте шыңғыстаулық әжелер бас қосып, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуды қолға алыпты.
Қарауылдағы елге тоқтау айтып, ісімен де, сөзімен де үлгі болған әжелердің басын қосып, ұмыт бола бастаған қазақы дәстүр­лерді жаңғыртуды ойлаған Қаныша Нұр­ғалиқызы 2009 жылы «Нұр-сана» орталы­ғын ашқан-ды.
Қаныша НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, «Нұр-сана» аналар орталығының жетекшісі, зейнеткер әже:
– Еліміз Тәуелсіздік алып, тіліміз, дініміз қайта оралды. Қасиетті Абай елі­нің тумасы болған соң, Айпара, Зере, Ұлжан аналарымыздың қалдырған тағылымын өзім қатарлы замандастары­ма, ұрпаққа үлгі етуді ұйғардым. Өмір­ден түйгені бар ұлағатты 14 ананың ба­сын қосып, 70 жыл бойы санасы улан­ған қазақтың санасына Алланың нұры құйылсын деген оймен «Нұр-сана» орталығын аштым. Талай жыл аудандық әкімшілікте еңбек еткен аза­матым Құмарғазы Балтабеков те бұл ойымды құптады. Ана иығында қанша­ма ауыр жүк, жүрегінде шексіз мейірім бар. Аналардың жақсылығымен дүние өзгереді, гүлденеді, қалыпқа келеді. Аналарға ой салу үшін зейнетке шыққан өнегелі әжелер бірігіп, шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндеттойларды Алла разылығы үшін ақысыз қазақы санамызға сай өткіземіз.
Ұрпаққа салиқалы тәрбиелік ой тастау­ды ғана діттеген әжелер өз зейнетақыларына ұлттық нақышта екі түрлі ұлттық киім тіктір­тіпті. Үкі тағылған кимешек-жаулық және ою-өрнекті концерттік бағдарламаға ар­нал­ған киім. Бұқар жырау жырында най­заның басына үкі тағып, халықты береке-бірлікке шақырғандығын ескерген аналар  кимешектеріне үкі тағуын халықты береке-бірлікке, татулыққа шақырумен түсіндіреді. Аналық ұлағаттың «бісмілләсін» Құрбан айтта ел қарияларының басын қосып, құр­бандық шалумен бастаған апалар дәстүрлі шағын тойларға атсалысып тұрады.
Қазір Абай ауданының бірде-бір тойы дәс­түрді тірілткен осы әжелерсіз өтпейді. Абайдың 165 жылдық мерейтойында өмір­ге бала келуіне қатысты ұлттық дәс­түрлерді сахналық қойылым арқылы көр­сеткен аналарға аудан әкімшілігі ақыл­дасып, дайындалатын арнайы орынды бөліп берген екен. Аналардан құралған ансамбльдің жеке музыканты, тігіншісі де бар. Мектеп оқушыларының ұлттық сана­сын оятуды көздеген мектеп ұжымы «нұр-саналық» апаларды ашық сабақтарға арнайы шақыртып та тұратын көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста