«Анаға апарар жол» халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

«Анаға апарар жол» халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Хорватиядағы «Марко Поло» кинофестивалінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Анаға апарар жол» тарихи драмасының көрсетілімі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  тілшісі ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Фестивальге Әзербайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдердің кинематографтары қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында «Анаға апарар жол» филмінде басты рөлдерді сомдаған Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, сондай-ақ, Хорватиядағы ҚР елшілігінің қызметкерлері болды.

«Сіздердің фильмдеріңіз ерекше атмосферасымен, түсірілім және актерлер тобының тамаша жұмысымен ерекшеленеді. Біз фильмдегі ана мен бала махаббаты арқылы сіздердің елдеріңіздің тарихымен таныстық. Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаеваға осы еңбегі үшін алғыс айтамыз», - деді фестиваль директоры, белгілі режиссер әрі продюсер Игорь Призмич. «Марко Поло» фестивалінің әділ қазылары «Анаға апарар жол» кино картинкасына фестивальдің бас жүлдесі «Үздік фильм» атылымы мен қазақстандық делегация мүшелеріне дипломдар мен марапаттар табыстады.

«Біз үшін осындай әсерлі фильм арқылы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін шетелдіктерге таныту үлкен мақтаныш. Біз көрермендердің шынайы көз жасын көріп, жылы лебіздеріне бөлендік», - дейді Алтынай Нөгербек.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста