Ән падишасы – Күләш

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Гәкку-гәкку, гәкку-га-га, гәкку-га, гәкку-га»... Осы бір әуен шырқалғанда кәрі мен жастың құлағына Күләштің әсем даусы естілгендей болады. Бүгінде көмейіне бұл-бұл ұялаған Күләштің көзін көргендердің қарасы сиресе де, ән падишасының дауысы әрбір қазақтың жүрегінде жазылып қалғандай. Қазақ классикалық операсының тұңғыш туындысы «Қыз Жібек» арқылы Күләш қазақ халқын дүниежүзіне танытса, Жібек ариясы қаршадай қазақ қызын шығармашылықтың шыңына көтерді. Е.Брусиловский қазақтың бірінші операсы «Қыз Жібекті» Күләшқа арнап жазған еді. Күләштің орындауында Жібектің гәккулеткен жоқтауын тыңдаған жұрттың көзі еріксіз жасқа толатын. Бар болғаны 45 жас ғұмырында өнердің өріне көтеріле білген Күләш Байсейітованың биыл – 100 жылдығы. Осы айтулы мерейтойға орай, таяуда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Күләш Байсейітованы еске алуға арналған салтанатты кеш өтті.
Көптеген энциклопедиялық анық­та­ма­ларда Күләш Байсейітованың туған күні 1912 жылдың 2 мамыры деп жазылады. Әсілінде, әнші 1912 жылдың 12 қаң­та­рын­­да дүниеге келген екен. Күләш апа жыл мез­гілдерінің ішінде көктемді ерекше жақ­сы көргендіктен болар, туған күнін мамыр айына өзгертіп алған деседі. Қазақ бұл­бұ­лы­ның туған жері туралы да деректер әр­түр­лі. К.Байсейітова өзінің өмірбаянында ту­ған жерін Алматы деп көрсетсе, кей де­рек­­терде әнші Қарағанды облысының Ақтоғай деген жерінде дүниеге келген деп жазылады. Қалай десек те, қазақтың қай то­пырағында туса да, бір анығы – Күләш қазақ халқының аяулы перзенті. Күләш жай­лы естеліктерде оның анасының есімі Зи­ба­жан, әкесінің аты Жасым екені ай­тыл­ған. Етікшілікті кәсіп еткен Жасымның от­басы қалт-құлт тіршілік кешеді. Содан да бо­­лар, Күләш жоқшылықтың тауқыметін ерте тартып, балалар үйінде тәрбиеленді. Әнші мектеп қабырғасында жүргенде-ақ өнерге деген құштарлығымен ерекшеленіп, драма үйірмесіне қатысты. 1929 жылы қазақ драма театры Қызылордадан Ал­ма­тыға көшіп келгенде Күләш Байсейітова осы өнер ордасына баруды мақсат етеді. Өзі­нің бір естелігінде әнші: «Театрға бар­ғым келіп еді кейбір қатарластарым мені байдың тұқымы, комсомол қатарынан шы­ғару керек деп қауесет таратыпты. Ештеңеге қарамастан, мен өз дегеніме жеттім. Бірақ 1933 жылдан бастап қана басты рөлдерде ойнай бастадым», – деп жазады. Міне, қазақ қыз-келіншектерінің арасынан шық­қан алғашқы опера әншісінің өнер жолы осы­лай басталған еді.

1934 жылы Алматыда опера театры құ­рылды. Күләш Байсейітова осы театрда қызмет етті. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің бірінші онкүндігі өткізілді. Осы онкүндікте «Қыз Жібектегі» Жібек ариясын орындаған Күләштің лирикалық-коло­ра­ту­рлы сапрано дауысын тыңдаған Сталин оны «қазақ бұлбұлы» деп атады. Ал Күләш­тің сұлулығы мен ғажап дауысына теңеу таба алмаған Мәскеудің өнерсүйер қауымы оған «Чудо» деп таңғалысты. Сөйтіп, сах­на­ға шыққаннан-ақ тек қазақтың ғана емес, бүкіл Одақтың жарық жұлдызына айналған Күләш небәрі 24 жасында КСРО халық әртісі және Сталиндік сыйлықтың ие­гері атанды. Талантына тәнті болған халқы Күләшін төбесіне көтерді. Жоғары шен­ділердің есігі ол кісі үшін қашан да ашық болатын. Әдетте таңдаулылар тың­дай­­тын операны Күләш академикке де, қойшыға да түсінікті етіп жеткізе білді. Ол тек өз партиясын орындап қана қоймай, кейіп­керінің күйзелісін, қуанышын өзіні­кіндей қабылдап, сахнада шын көз жасын төгетін. Күләшті тыңдауға жан-жақтан арып-ашып жететін көрермен сүйікті әнші­ле­рінің әр орындауынан кейін толассыз шапалақ соғатын. Алайда әнші өзінің бір естеліктерінде әр спектакль оның ғұмырын бір жасқа азайтатынын айтқан екен. Бірде «Біржан Сара» операсы басталар алдында Күләштің денсаулығы сыр береді. Жедел-жәрдем шақыртылып, оған екпе салынады.Бірақ көрерменін құдайындай сыйлайтын Күләш бар күш-қуатын жинап, сахнаға шы­ғады. Концерт біткенше дәрігер сахна сыртында тұрады. Әншінің сахнадағы жұл­дызы ерте жарқырағанымен, ғұмыры өте қысқа болды. Күләш Байсейітова 1957 жыл­дың жазында көз жұм­ды.
Салтанатты кештің шымыл­ды­ғын аш­қан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов аты аңызға айналған атақ­ты әнші­міз Күләш Байсейітованың 100 жыл­дығына арналған мәдени-қоғамдық шараның маңызы да мәр­тебесі де жоғары екенін тілге тиек етті. «Күләш апамыздың осы Ал­маты қаласында шығар­ма­шы­лық шың­дарға шыққанын мақта­ныш етеміз. Халықтың шексіз ма­хаб­батына бөленген Күләш көп­қырлы дарын иесі еді. Мәскеу, Па­риж сахналарында ән салған оның есімі өнер­ге ынтық жан­дар­дың жүректерінен өш­пек емес. Алматыда жыл сайын К.Бай­сейі­това атындағы вокалистердің рес­пуб­­ли­калық байқауы өткізіліп тұ­ра­ды. Орталық мемлекеттік мұ­­ра­жайда әншінің саусағы тиген қасиетті домбыра сақтаулы. Ас­тана қаласындағы опера теа­тры­на, Алматының бір көшесіне және да­рынды балаларға арналған мек­тепке Күләш Байсейітованың есімі берілген. Алматы қаласында Алматы қа­ла­сы әкімінің қолдауымен әншінің әсем ес­керткіші бой көтерді», – деді С.Сей­ду­манов.
Сондай-ақ кеш барысында сөз алған Мә­дениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Асқар Бөрібаев Күләш апамыздың өнерін насихаттау мақсатында біршама жұмыстар атқарылып жат­қан­дығын айтты. Министрлік өкілінің ай­туын­ша, биыл әйгілі әншінің 100 жылдық ме­рей­тойы шеңберінде Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрын жаңа ғимаратқа кө­ші­ру жоспарланып отыр. Бұл – еліміздің мә­дени өміріндегі маңызды оқиға.
Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Қазақстан Рес­пуб­ликасының халық әртісі:
– Бұл мерейтой – тек Күләш апамыз­дың ғана мәртебесі емес, бүкіл қазақ хал­қының мәртебесі. Қазақтың кім екенін ешкім білмеген кезде өнерімен талайды есінен тандырған хас талант иесіне қандай құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Өкінішке қарай, мен апайды тірідей көре алмадым. 1957 жы­лы Алматыға келіп оқу­ға түскен кезім­де ол кісі дүниеден озды. Бі­рақ Күләш апаның жары Қанабек кө­кем­мен көп араластым. Ол кісімен жерлеспіз. Консерваторияны бітіргеннен кейін екі жыл­дай опера және балет театрында қыз­мет істедім. Күләш апайдың басқан ізім­ен жүру, ол кісі ән шырқаған сахнаға шығудың өзі біз үшін арман еді. Бұлбұл көмей ән­шінің өнеріне, еңбегіне тәнті болған, та­лан­тына ғашық болған адам­дар ол кісі жайлы тамсана еске алады. Осындай баға жетпес асыл адамды тудырған қазақ хал­қы­на, Алаш еліне алғысымыз шексіз. Еліміз аман болса, талай талант туады деп сене­мін. Бұлтты жарып шыққан күндей әсер қалдырған Күләш Байсейітова қазақ өне­рі­нің перизаты. Өз басым өнердің ешқай­сы­сын бөліп қарамаймын, Өйткені өнер­дің қай түрі болсын – құдірет. Ке­зін­­де қазақ операларын Е.Брусилов­с­кий өз жанынан шығарған жоқ. Бұл қазақ халқының жау­һар­лары болатын. Ләйім, қазақ жұртына Алла өмірде де, өнерде де шапағатын шаша берсін дегім келеді.

Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:
Күләш апамыз ғұмыры келте болса да, соңынан өшпес із қалдырды. Ол кісінің заманында Станиславкий, Нежданова секіл­ді орыстың құдайдай табынатын жұл­дыздарымен қатар, КСРО халық әртісі деген атақты алу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ еді. Алғаш драма театры құрылғанда Күләш апа Серағаң, Қаллеки, Құрманбек ақсақалдармен бірге қазақ театрының іргесін қаласты. Әлі есімде біздің студент кезімізде Асқар Тоқпанов: «Кү­ләштің Ақжүнісіндей бейне жасау әлі ешкімнің қолынан келген жоқ, ондай жан енді туар ма екен» деуші еді. Расында да, Күләш Байсейітова үлбіреп тұрған әсем, сұлу кісі еді. Ол кісі дүниеден озғанда опера және балет театрының алдына жи­нал­ған халық көшеге сыймай кетті. Алма тастайтын жер болмады. Еңіреп Күләшін жоқтап жүрген елде есеп болған жоқ. Бүгін міне, апамыздың 100 жылдығында ол кісі­нің ізін жалғастырып келе жатқан сіңлілерін көріп, тыңдадық. Кезінде Күләш апа орын­даған әндерді тыңдап, менің жастық ша­ғым есіме түсіп, ерекше тебірендім. Мұн­дай ха­лыққа рухани азық боларлық ша­раларды жиі ұйымдастыру керек. Жал­пы, біздің қазақ халқы өзіміздің тұлға­ла­ры­мызды еске алу, жиі-жиі халыққа наси­хат­тауда кем­шін түсіп жатамыз. Күлді-көмеш бір­­де­ңе қып айту бөлек, іс жүзіне асыру бө­лек.

Күләш – өнер кеңістігіндегі ұлы құбылыс. Күләш өмірге құстай ұшып келіп, құстай ұшып кеткен адам. Оның өмірі, өнері – тарих, аңыз, құпия, тыл­сым. Күләш Байсейітованың репер­туа­рынан орын алған рухани құн­ды­лық­тарымызға үлес болып қосылған талай туындылар салтанатты кеште Нұр­жамал Үсенбаева, Гүлзат Дәуірбаева, Бала­пан Жұбаева, Дина Хамзина, Жәмилә Баспақова, Зарина Алтынбаева сын­ды бүгінгі өнер иелерінің орын­дауын­да паш етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста