«Аманаттың» екінші тынысы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық көркемсурет галереясы кешегі өткен қылқалам шеберлері мен бүгінгі күнгі олардың ізбасар­ларының еңбек­те­рін жұртшылық назарына ұсынуды үрдіске айнал­дырған. Өткен ғасырда­ғы еліміздің көрнекті қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туынды­ларынан құралған «Ама­нат» атты көрме өтіп жа­тыр. Оған 80-жылдарға дейінгі салынған 30 графикалық, 26 кескiндемелiк жұмыс қойылды.
Бұл суретшілердің еңбектеріне деген бүгінгі ұрпақтың құрметі болса керек. Көрмеден кейін бұл туындылар галереяның алтын қорына алынатын болады. Кеңес Одағы кезінде дәуірлеген реализм жанрында салынған туындыларды қызыға келіп тамашалаушылар көп. Көрмеге сол дәуірге тән бейнелеу өнерiнiң шеберлерi М.Қалдыбаев, А.Тұрсынов, Н.Гаев, В.Анто­щенко-Оленов, Е.Сидоркин, Ю.Мингазити­новтың кескiндеме, графика жанрларын­да­ғы туындылары қойылған. Атағы дәуір­леген суретшілер кезінде қазақтың бейне­леу өнерiнде қайталанбас туындыларды дүниеге әкелген. Әрі ұлттық нақышты қалып­тастыруға атсалысқан. Мұндағы туын­дылардың басым бөлігі облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан алынып отыр. Бұл – «Аманат» атауымен өткізіліп отырған екінші көрме.
Айнабек ОСПАНОВ, облыстық көркемсурет галереясының меңгерушiсi:
– Өткен ғасырда өшпес із қалды­рып, өздерінің ғажайып туындылары­мен тамсандырған дарындардың есімін кейінгі толқын жастарға естелік ретінде ұсынбаққа осы «Аманат» атты көрмені ұйымдастырып отырмыз. Алда­ғы уа­қыт­та еліміздің атын шыға­рып, бейнелеу өнеріне өлшеусіз ең­бек сіңірген талант­тарымыздың басқа жанрдағы туынды­ларын да жұртшы­лық назарына ұсына­тын боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста