Әлжаппар Әбішев тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

Әлжаппар Әбішев тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

Қазақстанның Халық жазушысы, заманының аса көрнекті қаламгері Әлжаппар Әбішевтің көзі тірісінде өмір сүрген үйіне кеше ескерткіш тақта қойылды.

Бір қызығы жазушының қос үйі, яғни шығармашылық ғұмырының барлығын дерлік өткізген Жазушылар үйі мен отбасына пана болған үйі тіпті араларынан қыл өтпестей қатар орналасқан екен. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысушылар да қиналған жоқ, көрші үйлерден, яғни отбасы жағы өз үйлерінен, ал қаламдастар жағы Жазушылар үйінен шыға салды. Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин алдыңғы аға буын өкілі Әлжаппар Әбішев жөнінде кейінгі толқын іні ретінде мынадай естелік айтты:

Нұрлан ОРАЗАЛИН, Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:
«Екі үйім қатар тұр!» деп мақтанушы еді Әлжекең, – үлкен үйім – Сәкен ағам негізін қалаған, Мұхтар, Ғабит, Сәбит, Ғабиден ағаларымның ізі сайрап жатқан ұлы шаңырақ болса, өзімнің кіші үйім қазақтың аймаңдай ұлы Дінмұхаммед Қонаев ағамның: «Әлжаппар, саған осы үй аманат!» деп өз қолымен кілтін тапсырған үйі еді. Мен, жалпы, сол екі дәуірдің арасында өмір сүріп жатқан шырақшы секілдімін. Шырағымның қашанда жарық болғанын қалаймын, кейінгі ізімізді қуған жастардың осы жолға таза, ықыласты болғанын қалаймын», – деуші еді. Өмірінің соңғы сәтіне дейін Әлжекең осындай киелі ұранмен өтті.

Артында мол әдеби мұра қалдырған Әлжаппар Әбішев әуелгі еңбек жолын Қарағанды шахтасында қарапайым шахтерлықтан бастаса керек. Содан кейінгі жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары болған. Әдебиетке осылай баспасөз арқылы қадам басқан қаламгердің әрі қарайғы шығармашылық ғұмыры көпшілікке аян. Қатары сиреп бара жатқан жазушының қаламдастары қатарынан сөз алған академик Серік Қирабаев өз естелігінде Әлжекеңнің тырнақалды туындыларын Сәкеннің өзі редакциялағанын, ал драматургиясына көп жөн сілтеп, баға берген заңғар жазушы Мұхтар Әуезов екенін еске салып өтті. Сондай-ақ академик театр драматургиясына қазақ жазушылары арасында ең көп қалам тербеткен Мұхтар Әуезов болса, екінші орында осы Әлжаппар Әбішев екенін өзі санау арқылы көз жеткізгенін айтты.

Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Халық әртісі:
– Аса үлкен академияны тауыспаса да Әлжекеңнің өмірді тануы, ана сүтімен келген дарыны халыққа бақыт болды. Оның ішінде театрға да, әсіресе Әуезов театрына. Өзім талай жылдар еңбек еткен театрда Әлжекеңнің қойылмаған пьесасы жоқ. Мен көбінде ойнай алмадым, тек бір ғана «Мансап пен ұждан» атты қойылымды қою барысында ағаменен қызмет істедік. Бір жақсысы, ол кісі көп нәрсені миыңа қонымды етіп айтып, санаңа сіңіріп беретін. Тіптен сахнаға шыққалы тұрғаныңда бір парақ монологын әкеп, «мынаны айта салшы» деп қолымызға қыстырып кететін әдеті де бар еді. 

Осындай жып-жылы естеліктермен көмкерілген салтанатты жиын соңында жиналған ат төбеліндей қауым ақ матасы түрілген ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, жазушының рухына тағзым етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста