Алыстағы ағайындар «Аю биін» тірілтпек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақтың «Қара жорға» биін хан көтеріп, Гиннесстің рекордтар кітабына енгізген қытайлық қандастарымыз енді «Аю биін» алдыңғы қатарға алып шығуды көздеп отыр. Мәдени тарихымыздың тәбәріктерін ұлт еншісіне қайта тарту етпекке ниеттенген ағайынның бұл ісі аяқсыз қалмайтыны анық.

«Аю биін» бүгінге жалғап, көзінің қарашығындай сақтап жеткізген адам – Шаймұрат есімді қандас бауырымыз. Ол тіпті көнеден қалған, көмескі тартқан өнерді жалғастыратын ұрпақ та тәрбиелей бастапты. Ал Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар көп шоғырланған Алтай аймағы Жеменей ауданының басшылығы мен халқы ұлт мұрасы есебіндегі «Аю биін» мемлекеттік дәрежеде қамқорлыққа алып, ары қарай дамыту үшін «Бейзаттық» мәдени мұра тізімінің үшінші тобына ұсынып отыр екен.

Би мұрагері Шаймұрат болса 2008 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің «Бейзаттық» мәдени мұра бағдарламасы аясына енгізілген «Аю биінің» бүгінгі заңды жалғастырушысы ретінде танылғанын да айта кеткен жөн. «Аю биі» таза аңшылық өмірдің айнымас туындысы деуге болады. Яғни аңшы қауым аңға шыққан сәтінде аюдың азық іздеп, қоңыр аңдар мен басқа да жануарларды аулағандағы қимылдарын бақылаған. Кейіннен соған еліктеу арқылы осы биді өмірге әкелген. Биді ерте замандағы адамзат тұрмысының айшықты көріністерінен хабар беретін тарихи эпизод көшірмесі деуге болады.

Биші аю кейпіне еніп, жасанып, аюдың апанынан шығуы, ары қарай азық іздеуі, аңдар мен жануарларды бақылауы, аулауы, тарпа бас салып ұстауы сияқты түрлі қимылдарын, сондай-ақ өзінше шапалақ соғып, айбарлана ақыруы секілді әрекеттерін дәл көрсеткен. Сол арқылы аюдың икемсіз де сүйкімді, шабан әрі сақ, момын да зерек, аңғал да айлакер болып көрінетін қайшылықты бейнесін сомдайды. Би жанды да ширақ, қызықты да мәнді қалыппен өрбіген. Бидің ұмытылған ұлт жәдігері екені анық. Ал оны жаңғыртып жатқан қандастарымыздың қадамына тек сәттілік тілейміз. «Аю биін» кезінде халық қатты сүйіп, тамашалағаны даусыз. Мысалы, «Қара жорға» биінің Қазақстандағы шебер орындаушысы Зуқа батырдың немересі Арыстан қажы бұл биді бала кезінде әкесінің үйреткенін айтады.

«Әкем Шәдет Зуқақажыұлы – биші болған адам. Маған жеті жасымнан бастап би үйрете бастады. Солардың ішінде «Қара жорға», «Майдажал», «Телқоңыр», «Аю биі» дегендері бар. Өзгелері есімде жоқ, тек «Қара жорға» ғана менімен бірге жасасып келеді. Биыл 72 жасқа келдім, 65 жыл бойы «Қара жорғаны» билеумен келемін», – дейді Арыстан ақсақал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста