Алтынбек Қоразбаев: Төреғали шашымды ағартып жіберді

Алтынбек Қоразбаев: Төреғали шашымды ағартып жіберді

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев Төреғали Төреәлінің өзін алдап кеткенін айтты. Төреғали сазгердің ертең өтетін кешінде ән шырқау керек болған. Бірақ әнші шетелдегі іс-сапарына байланысты кешке қатыса алмайтынын мәлімдеген деп хабарлайды "Қазақстан" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бір екі әртістер мені сәл-сәл өкпелетіп отыр. Төреғали бауырымыздың жұлдыз екені жұлдыз. Осыдан алты ай бұрын хабарласып: "Көке, сіздің осы әніңізді лейтмотив қылып, Республика сарайында бес концерт қойсам қалай қарайсыз?" деді. Мен айттым: "Айналайын, мен ешқандай жоқ деп айтпаймын. Әнді мен ел үшін жазамын, еш уақытта ән сатып көрген емеспін.Өзімнің көмегімнен басқа саған ештеңкем жоқ" деп. Ол: "Көке, енді өзіңіз аяғында шығып, қосылып айтып беретін шығарсыз?" деді. Оған да келістім. Содан шетелге кетіп бара жатқан сапарымды тоқтатып қойып, кешіне қатысып, өлеңімді айтып бердім. Сый-сыяпатымды да жасадым. Сол кезде сахнадан: "Қарағым, сенің жұлдызың жанып тұр. Халық сені жақсы көреді. Бірақ мен сенен бір-ақ нәрсені өтінемін: "жұлдыз деген аурудан абайлашы" дедім. Оны залдағы үш мың халық естіді. Кеш біткен соң: "Қарағым, бес айдан кейін менің концертім болады. Соған қатысасың ба?" деп айттым. Ол: "Ой, көке мені тастамаңыз, қатысамын" деді",-дейді Қоразбаев.

Сазгердің ән кешінің өтуіне бір апта қалғанда әншінің әкесі ұлының аталған кешке келе алмайтынын айтқан.

"Бір ай қалғанда әкесіне хабарласып едім: "Болды аға, қатысады" деді. Он бес күн қалғанда өзіне жолықтым, тура сол күні барлық арналарға кештің жарнамасы шығып кеткен. еді. "Ой, аға қатысамын" деген. Концерттің өтуіне сегіз күн қалғанда әкесі хабаралсып: "Менің баламның Қытайда шоу-бизнесі бар еді, соған он адам кетіп бара жатыр. Концертіңізге үлгермей ме деп қорқып отырмын" дейді. Менің өзі шашым сары, бірақ осыны естігенде ағарып кетті",-дейді Алтынбек Қоразбаев.

Айта кететіні, Төреғали Төреәлінің бас продюсері Жан Мұқанов желідегі парақшасында әншінің өзін лақтырып кеткенін айтып, өкпесін жазған еді.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста