Алтынай Жорабаева қыз ұзатып, тұсау кескенін сынайтындарға жауап берді
Алтынай Жорабаева өзінің қыз ұзатып, тұсау кескенін қатаң сынға алғандарға жауап берді. Әнші бұл дәстүрді құлқынның қамы үшін емес, өзіне айтылған өтініштермен жүзеге асыратынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram парақшасында әрдайым жақсылыққа ортақтасуға дайын екенін жазған.
"Негізі еш адам "өмірімде келеңсіздік болсын" демейді. Ажырасты деген - адам өлтірді деген емес қой. Ертең алдында не күтіп тұрғанын ешкім біле алмайды. Адамның бойынан жақсы нәрсе көру керек деп ойлаймын. Барлық күніме, сәтіме Аллаға шүкір деймін. Бұлттың артынан да күн шығады. Өзімді ең бақытты жан деп санаймын. Төрт қызғалдағымды қасыма ертіп жүріп , барынша тәрбиемді беріп, өсіріп келе жатырмын.
Мен өзім сұранғандықтан немесе ақы алу үшін, құлқын қамы үшін емес. Адамдар менің бойымдағы аналық махаббат үшін, болмаса басқа да жетістіктеріме деген құрметтерінен қызын ұзатып, тұсауын кес десе, жақсылығына ортақтасуға әрдайым дайынмын. Ешкімнің алдына түсіп, "мен ұзатайын, мен тұсау кесейін" деген емеспін. Ақ пейілді ағайынның көңілін қайтарсам да ренжиді ғой", - деді Алтынай Жорабаева.
Әнші адамның басындағы жағдайдың тағдырына жазылып қоятынын айтты.
"Нені ойласақ, соған жетеміз ғой. Көбелек гүлге, қоңыз күлге баратыны секілді. Жақсы ой - жарым ырыс. Жақсы сөз - көркем өмірге жетелеуші күш! Баршаңызға тек жақсылық тіледім! Тағдырына ажырасу жазылса, кім ұзатса да ажырасады", - деп ойын қорытындылады Алтынай.