«Алтын жұлдызды» журналистер анықталды

Кеше Алматыда Журналистика академия­сы­ның жалпыұлттық жоғары «Алтын жұлдыз» жүлдесі иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты рәсім жылдағыдай емес, еркін, қарапайым түрде жүргізілді. Бұрындары кең сарайдай сахна төріне шығып, қоғамның өзекті мәселелерін қозғап көзге түскен білікті журналистерді марапаттап жүрген ұлықтау шарасына бұл жолы демеушілік көрсететіндер табылмаған көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ал­тын жұл­дыз» жүлдесін Журна­­листика ака­демиясы отан­дық журналистикаға елеулі үлес қос­қан газеттер мен журналдар, ра­дио жә­не те­леарна шығар­ма­шы­лық ұжымдарына, бас­па ме­­кемелеріне, сондай-ақ ел­дің жур­­на­листік корпу­сы­ның көр­нек­ті өкілдеріне бе­реді.
Соңғы жыл­дары бұл жүлдені ака­демия де­ле­га­ция­сы елдің өзге де ай­­мақ­тарында журналистердің кә­сіби мерекесі қар­са­ңын­да та­быс­­тап жүр. Бұл жолғы сал­танатты жиынды жүргізген Журналистика ака­де­мия­сының басшысы ең алдымен Ха­лықаралық журналистика академиясының ака­демигі, қазақ телевизиясының ардагері Ғаділбек Шалахметовті 70 жасқа толған мерей­то­йы­мен құттықтаудан бастады. Со­ны­мен қа­тар академияның 47-інші мүшесі ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті журналистика факультетінің қа­зіргі деканы, филология ғылымының док­то­ры, профессор Өмірхан Әб­ди­ма­нов­ты қа­тарға қосып, 60 жасқа толған туған кү­ні­мен құттықтап, Академияның дипломы мен медалі табысталды. Бүгінгі таңға дейін Журналистика академиясына мүше болған сегіз бірдей азамат өмірден өтіпті. Әрқай­сы­сының журналистикаға сіңірген еңбегі мен кә­сіби ерекшеліктерін атап өткен академия президенті Сағымбай Қозыбаев олардың мәңгі ел есінде жүруі тиіс екендігін еске салды.
Бұрын бір жылда 15-20 «Алтын жұл­дыз» жүлдесі табысталатын. Биыл тек үш алтын мүсін ғана өз иелерін тапты. Оның бірі – 95 жылдық тарихы бар Өскеменнің «Рудный Алтай» облыстық газетіне бұйыр­са, екіншісі 400-ден аса оқулықты басып шы­ғарған «Атамұра» корпорациясының ұжымына берілді. Ал «Еліміздің ең үздік жур­налисі» деп КТК арнасының те­ле­жүр­гізушісі Артур Платонов танылып, үшінші «Ал­тын жұлдызды» иеленді. Жүлдеге қол жеткізгендер өз кезегінде одан әрі ынталы түрде қызмет етіп, жүлдеге сай еңбектенуге серт берді.
Рахымғали Құл-Мұхаммед,
«Атамұра» корпорациясының президенті:
– Қазақта «күш – білімде, білім – кітап­та», «мұхит басы – бұлақ, білім басы – кі­тап» деген сөз бар. Әріптестердің біздің ең­бекті ескеріп, тек бізді емес, белгілі жур­на­листерді марапаттап жатуы қуантады. Біз өз деңгейімізде атымызға затымыз сай жұ­мыс істейміз деп ойлаймын.

Жиын соңында С.Қозыбаев биыл жа­риялаған үш жаңа кітабының тұсауын кесті. Ұлы Отан соғысы жайындағы екі тілде жа­зыл­ған «Звезды в небе», ТМД құрамында бол­ған 15 елдің журналистикасы жөніндегі «СМИ Евразии» және отандық жур­на­листика туралы «Когда болит душа...» де­ген авторлық топтама таныстырылды. Бұл ең­бектер автордың 35-інші, «Отандық жур­­на­листика» сериясының сегізінші кіта­бы бо­лып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста