«Алтын қазына» атты ақпараттық-көркем альбом жарық көрді

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын­да Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ел-шежіре» қайырымдылық қоры «Алтын қазына» атты ақпарат­тық-көркем альбомның тұсау­ке­серін өткізді.
Тұсаукесер рәсіміне М.О.Әуезов атын­да­ғы Әдебиет және өнер институтының ди­ректоры Уәлихан Қалижан, «Ел-шежі­ре» ҚҚ-ның президенті Дидахмет Әшім­ханұлы бастаған мәдениет, әдебиет, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар журналис­тер қауымы қатысып, 2004-2011 жылдар аралығында өткен «Мәдени мұра» бағдар­ламасы аясында атқарылған шараларды  талқылады. «Мәдени мұра» бағдарлама­сының жүзеге асырылу барысы зерделеніп, мұнан кейін қандай жұмыстар істелуі ке­рек­тігі сөз болды. Сонымен қатар ғалым­дар «Ел-шежіре» қоғамдық қоры шығарған «Алтын қазына» атты ақпараттық-көркем альбомды қайта басып шығару, жалпы, халыққа насихаттау, ғылымиландыру не­гізінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Дидахмет Әшімханұлы, «Ел-шежіре» ҚҚ президенті:
 – Бүгін біздің қордың «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы шеңберінде жасап жатқан шаруаларының бір парасы ғана айтылды. Мысалы, биыл алашордашы­лар туралы 1000 данамен фотоальбом шығарып, жуырда тұсаукесерін өткізген едік. Артынша демеушілер табылып, тағы да басылып, таралымы көбейіп жатыр. Сол секілді «Алтын қазына» атты ақпараттық-көркем альбомды қайта басып шығаруды қолға алсақ па деген ойымыз бар. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста