«Алтын домбыра» иегері анықталды

«Алтын домбыра» иегері анықталды

5-6 желтоқсан күндері Алматыдағы Республика сарайында өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жеңімпазы анықталды.

Жыр сүлейлері Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан және жас ақындар Жәнібек Бейбітұлы, Ержан Әміров, Нұрлан Есенқұлов қатарлы 22 ақын қатысқан жыр додасының бас жүлдесін павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды. Ол «Алтын домбырамен» қоса 3 млн. теңгеге және 150 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды. Бірінші орынды қостанайлық азулы ақын Айбек Қалиев еншілеп, 2 млн. теңгені иеленсе, екінші орынға тең түскен Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан жеке-жеке 1 млн. теңгені қанжығалады. Үшінші орын Қалижан Білдәшев, Жансая Мусина және Еркебұлан Қайназаровқа бұйырды. Оларға 500 мың теңгеден ақшлай сыйлықтар берілді.

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған «Алтын домбыраның» ең алғашқы жеңімпазы Мұхтар Ниязов болатын. 2013 жылы бәйгенің бас жүлдесін Жандарбек Бұлғақов еншілесе, өткен жылғы «Алтын домбыра» Балғынбек Имашқа бұйырған еді.

Айта кетейік, бұл жолғы «Алтын домбыра» аламан айтысы «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен өтті. Биылғы жылдың атаулы мерекелері болған – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Жеңісінің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай еліміздің бас партиясы осы жылдың өзінде 6 республикалық және 8 аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырды.
 baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста