"Алтын домбыра" Балғынбек Имашевқа бұйырды

Жылда дәстүрлі түрде жалғасы тауып келе жатқан алтын домбыра айтысы өз мәресіне жетті. Астана жұртшылығын екі күн бойы сүбелі сөз бен отты жырға бөлеген ақындар «Алтын домбыра» үшін таласқа түсті. 

Биылғы айтыстың ерекшелігі көп. Жылда санаулы ақындар ғана қатысатын «Алтын домбыра» сөз додасына 22 айтыскер қатысты. Айта кететіні, жүлде қоры қомақты айтысқа "Нұр Отан" партиясы мен ҚР Мәдениет және спорт министірлігі қолдау көрсетіп, «Мәңгілік ел – мұраты» тақырыпқа арнаған болатын. Алғашқы күні 11 жұптың айтысынан кейін, Мырзатай Жолдасбеков бастаған қазылар алқасы финалға 10 ақынды шығарды. Аламан айтысқа қатысқандардың дені жастар. Алайда, аталы сөз айтпай айдаладағы әңгіме қылған ақындарды қазылар алқасы тоқтатып отырды.

Балғынбек Имашев пен Еркебұлан Қайназар;

Бекарыс Шойбеков пен Жандарбек Бұлғақов;

Мұхтар Ниязов пен Айбек Қалиев;

Сара Тоқтамысова мен Мақсат Аханов;

Әсет Дүйсебай мен Айнұр Тұрсынбаеваның айтысынан кейін жеті адамнан құралған қазылар алқасы шешім шығарды.

Аузын айға білеген ақындардың біразы жүлдеден шет қалғаны да рас. Әсіресе, Айбек Қалиев, Жансая Мусина сынды ақындар жүлде алуға лайық еді. Бұл тұрғыдан халықтың ойын дөп басып айтқан қазылар алқасының мүшесі Асанәлі Әшімов: «Қыздардың деңгейі жоғары екенін мойындаймын. Оларда нәзіктік бар, сөздері жүрекке жылы тиеді. Ал батысқазақстандық Жансая ақын нағыз вулкан. Кейде шабыт келіп кеткенде ұрып-ұрып жібереді. Егер бәрі менің қолымда болса, қыздарға бірінші орынды беретін едім», - деп түйіндеді.

«Алтын домбыра» айтысының финалдық кезеңін тамашалауға биліктегі қамшы ұстаған азаматтар да келген еді. Олардың қатарында вице-премьер Бердікбек Сапарбаев, Бауыржан Байбек сынды азаматтар болды. Марапаттау кезінде жүлде алған Айнұр ақын аталы сөз айтып, биліктегілерге орынды ұсыныс жасады.
Айтысып мана кеткен ем,
Өзімнің қарап шамама.
Бердібектейін ағамыз
Жарқырап кепті араға.
Мен бір ұсыныс айтып ем,
Дәл осы жерде бағана.
Конгрес холл сарайын
Айтыс сарайы дейік деп
Сөз салғанмын араға.
Өгей емес қой өйткені
Қазақтың арда өнері.
«Айтыс сарайы» болса екен
Астана дейтін қалада.
Ақынның сөзін тыңдайтын
Азаматсыз ғой, жан аға.
Қоянды мен Қосшыда
қаңғырып жүрген қазақтай
Қалмасын сөзім далада.
Осыны шешіп берсеңіз
Айтысты сүйген алты алаш
Сіз үшін болар садаға, - деп Бердібек Сапарбаевтың атына бағыттап, көрерменді дүбірге бөледі.

Бұл жолы қазылар тарапына жоғары бағаға ие болған ақындар арасында Бекарыс Шойбеков пен Айнұр Тұрсынбаева үшінші орынға тұрақтап, 1 000 000 теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орын астаналық Еркебұлан Қайназарға бұйырып, 1 500 000 теңге табыс етілді. Былтырғы айтыста алтын домбыраны иеленген Жандарбек Бұлғақов орнын Балғынбек Имашевқа берді. Бірінші орын иелеген Ж.Бұлғақовқа 2 миллион теңге табысталса, астаналық Балғынбек Имашев алтын домбырамен бірге 3 миллион теңге иеленді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста