Алтын дауысты әншіге – «Алтын Самұрық»

Алтын дауысты әншіге – «Алтын Самұрық»

Қазақ классикалық өнерінің серкесі Ермек Серкебаев биыл 80 жасқа толды. Өнер иесінің мерейтойына орай өткен аптаның соңында опера жұлдызының шығармашылық кеші өтті. Ермек Серкебаевтың мерейтойлық кешінде Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков әйгілі әншіге «Алтын Самұрық» сыйлығын тарту етті.
Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында өткен концертте өнерсүйер қауымға бірегей баритон дауыстың иесі Арқа өңірінің әндері мен танымал ком­позиторлардың туындыларын орындап берді. Италия, Франция, Германия, Амери­ка және ТМД елдеріндегі өнердің қа­дірін білер халықтың қошеметіне бөлен­ген әнші елорда сахнасында «Ғайни», «Қаракесек», «Шапибаяу», «Япыр-ау» сын­­ды әндерді көрерменнің көңілінен шы­ға орындады. «Фигаро патшасының» концертінен кешке келгендер ерекше әсер алып қайтты. Ермек Серкебаев есімі тек қазаққа ғана емес, әлем жұртшылығына ке­ңінен таныс. Талай кинофильмдер, ра­дио, теледидар арқылы көпшілікке та­нылған Ермек Серкебаев 60-70 жылдары операдағы «Фигаро» партия­сынан кейін даңқы бұрынғыдан да асқақтады. Ол әлемнің 50-ден аса елінде гастрольдік сапармен болды. Опера әншісі сомдаған образдар ішінде ұлы Абайдың тұлғасы, Брусиловский мен Рахмадиев опера­ла­рын­дағы Ер Тарғын және Алпамыс пор­треттері бар. Оның репертуарына қазақ, орыс, халық әндері, камералық шы­ғар­малары да енген. Кеш соңында әнші Ермек Серкебаев барша қазақстандықтар мен астаналықтарды келе жатқан қала күнімен құттықтап,  ақ тілегін білдірді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста