Алтын дауыстар арасындағы Алтын

Алтын дауыстар арасындағы Алтын

Адамның аты иесінің тағ­дырына төрелік ететін тұс­тары болады дейді... Мына қызықты қараңыз, тоқ­сан жылдық тарихы бар Қазақ радиосының «Алтын қорын» талай жылдан бері бүгінге дейін Алтын есім­ді қазақтың қайраткер қызы басқарып келді. Бұл есімді ел-жұрты қазақ әнін қоңыр домбырамен әуе­лете шырқап, өзінің сың­ғыр үнімен талайларды тамсандырған әнші, сон­дай-ақ ұлттық өнерді қала­мына серік етуші жур­налист ретінде жақсы біледі. Сана­лы ғұмырында қолынан кел­ге­нін­ше еліне қызмет етіп келе жатқан Алтын Зей­нел-Ғабиқызы таяу­да Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қай­раткері атағына ие болды.
Алтыншы қыз – Алтын
Адамның бойындағы баға жетпес асылы – мінезі, бітім-болмысы мен өнерінің түп-тамырын туып-өскен ортасы мен шыққан тегінен іздейтін қазақы салт-санамыз емес пе, аққу ұшып, қаз қонған айдын көлдер мен Есіл өзені еркелей аққан Қызылжар өңірінде қазақтың талай жақсы-жайсаңдары дүниеге келіпті. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай мен Сегіз серінің ізін жалғастырған, сондай бір жан-жақты дарын иесі сол өңірдің еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қала­мына өзек еткен жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев болатын. Қауырсын қаламына қара домбырасын серік еткен қаламгердің шаңырағына Құдай он қара домалақ берсе, Алтын – сол он баланың алтыншысы. Ес білгеннен әуезді ән естісе тоқтай қалып құлақ түретін қызының өскенде әнші болатынын қайран әке бірден біліп, «менің қызым Жүсіпбек Елебековтің шәкірті болады» деген сөзді сол кішкентайынан құлағына құйып өсіреді. Одан қалса өзі де қолына домбырасын алып Ақан сері, Біржанның әндерін нақышына келтіре орындайтын. Расында, қаламгер әке қалт кетпепті, консерваторияға қабылдайтын кіл мықтылардың алдына шығып, терең тыныс алған күйі:
Өттің жалған,
Кештім сайран.
Уа, шіркін,боз бала,
Жастықтың әсерімен
Салдым сайран, –

деп “Жалғыз аршаны” бір қайырғанда-ақ, отырғандар таңдайын қағып, «Біржан­ның тағы қандай әндерін білесің?» деп қаумалай сұраққа алды. Сөйтіп, Жүсекең – Жүсіпбек Елебековтің сыныбына нағыз лайық деп тауып, оқу орнына қабылдаған. Ең қызығы, Алтын Зейнел-Ғабиқызына өмір әкесінің әншілігін ғана емес, қалам­герлік қырын да қатар ұсынуды жөн көрсе керек.
Темкең қалам ұстатып, Ғабең бата берген
Қолға диплом алысымен «Қызылжар, қайдасың?» деп, туған елді әнімен тербетуге барған жас дарынды өз елі өбектей қоймады. Бәлкім, өлкенің орыстанғаны әсер етті ме, әйтеуір домбыра ұстаған қыздың үкілі үмітін үрлейтін сыңай бай­қалмады. Содан Алматыға қайта орал­ған қыз тағдырының күрт өзге арнаға бұры­латынын сезбеген еді. Жазушы, сати­рик, қазақ журналистерінің ұстазы Темір­бек Қожакеев: «Қолыңа қа­лам ұс­та­саң, қор болмайсың» деп әнші қыз­ды журналистікке баулыды. Алтын Зей­нел-Ғабиқызы араға біршама жылдар салып қара шаңырақ Қазақ радио­сының қабырғасында музы­калық бағдар­ла­малар бөліміне қызметке кірісті. Әуелете әнін де салды. “Қазақ­тың келін­дері-ай”, “Қарт­тарым-қазы­нам”, “Алтын сақа”, т.б. сияқ­ты теле­бағ­дар­лама­ларда Алтын Иман­бае­ваның шығармашылығы көрсетілді.
Ал қазақ әдебиетінің классигі Ғабең – Ғабит Мүсіреповтің батасы жайлы Алтын Иманбаеваның өзі былай дейді:
– Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Асқар Лекеров деген кісілер – менің әкем жаңадан әдебиет әлеміне еніп, алғашқы кітабын жазған тұсында қамқор болған аяулы жандар. 1979 жылы мен тұрмысқа шықтым. Сонда менің тойымда бас құда болып, жаңа өмірге қадам басқан біздерге ақ батасын берді. Содан кейін де менің өміріме араласып, сахнада қалай өзімді ұстауыма, журналистік өмірде де нені, қалай жазу керектігіме жол сілтеп отырды. «Қарағым, не жазсаң да, әбден зерттеп, қаза жаз. Сонда барып бір нәти­же шығады» дейтін. Кезінде тіпті журналис­тикада оқып жүргенімде «24 сағатта фи­ло­логияға ауыстырайын ба, себебі он­да терең білім бар, кітапты көп оқисың» деген. Міне, мынау сол кездер­ден қалған бір естелік, – деп, осы тұста Алтын Зейнел-Ғабиқызы бізге көне суретті көрсетті. Онда қарт жазушы балғын арудың білегінен ұстап, мейірлене күліп тұрған еді.
Алтын дауыстар арасында
Заманында дархан даланы жаңғыр­тып, алты қырдың астынан құлаққа анық жете­тін асқақ дауыстар иесі бүгінде бұл дүние­лік болмаса да, дауыстары ұрпаққа мұра боп қалды. Ал біз үшін аса құнды мұндай мұраларды сақтауда Қазақ радио­сының «Алтын қор» бөлімінің көте­ріп отырған жүгі өте ауыр. Бүгінде онда 111 мыңнан астам құнды фонограммалар сақтаулы тұрса керек. Тағдыр Алтын Иманбаеваны алтын дауыстар арасына алып келді. Өзі де Қазақ радиосында қызмет істеген 20 жыл ішінде алтын қорға әнімен, музыкалық бағ­дарламаларымен біршама үлесін қосқан Алтын Зейнел-Ғабиқызы Алтын қордың бү­гінде сандық жүйеге көшіріліп, жаңа технологиялар бойынша заманауи қолданыс­қа қолайлы кейіпке көшіріліп жатқанына сүйсінеді. Дей тұрғанмен, қордағы түп-нұс­қаларға қамқорлық та қажет дейді. Ал, сонымен қатар, өзі әнші болғандықтан, дәс­түрлі әннің бүгінгі жағдайына алаңдамай тұра алмайтындығын білдірді:
– Жалпы, дәстүрлі әннің бағын ашу үшін арнайы теле-радио арналары ашылуы керек, қай кезде ашып қалсаңыз, өзіміздің ұлттық мән-күйімізді тыңдай алатындай мүмкіндік болу керек. Қазіргі Қазақ радиосы мен «Шалқар» бағдарламасы заман талабына орай эстрадалық әндерді көп береді. Алдағы уақытта осы жайлы біздің министрлік ойланса екен деймін. Өзбекстанға, Тәжікстанға немесе көр­ші тұрған қырғыз еліне барсаңыз, өздерінің ұлттық өнерін бірінші орынға қояды. Біз де солардан үйренсек деймін. Жуырда Свердловск-Ташкент пойызына отырдым. Жол бойы өзбектің халық әндері мен нақыштары ойналып тұрды, жолаушыға ұнай ма, ұнамай ма, олар өз мәдениетін осылайша дәріптеп отыр. Біз де дәстүрлі әннің бағын ашу үшін үлкен істерді қолға алуымыз керек. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, бірен-саран адам күңкілдегенмен, ештеңе шықпайды, Сон­дықтан бізге таяу болашақта арнайы орталық құрып, әнші-күйшілеріміздің басын біріктіру қажет.

Түйін
«Құлақтан кіріп, бойды алар» деп, ұлы Абай әнге текке баға бермеген. Музыканы жай тыңдап қана қоймай, оның адам жанын емдейтінін бүгінде ғалымдар зерттеп, тіпті музыкалық терапия ғылымы да бой көтерді. Әсіресе қазақ дәстүрлі әнінің емдік қасиетінің жоғарылығын әнші өзі сахнада ән салған сайын байқап, қаншама адамдардан соған қатысты жылы лебіздерін естігенін айтады. Өзі осы жағын зерттеп, қазір музыкалық терапияға ден қойған екен. Міне, біріміз біліп, біріміз білмейтін Алтын Иманбаеваның осындай жан-жақты қыры бар. Сөз соңында ол кісі өзінің үкілі домбырасы, сахналық бірнеше костюмі, тіпті шақыруына дейін дайын тұрғанын, енді тек сәл ғана демеу болса, шығармашылық кешін өткізуге әзір отырғанын аңғартты. Сондай-ақ ән әлемінің алыптары жайлы эсселері қатталып, жақын күндері жарыққа шықпақ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста