Алматыда би жарысы болады

Елімізде жастарды би өнеріне баулитын бірнеше мектеп жұмыс істейді. Солардың ішінде Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесінің алатын орны ерекше. Онда мықты таланттар шоғыры мен білікті мамандар әр ұлттың түрлі жанрдағы би өнерін жас дарындарға үйретуде.
Бұл оқу орнында сонымен қатар рес­пу­бли­калық, қалалық байқаулар мен арнайы би концерттері ұйымдастырылып тұрады. Ал­дағы сенбі-жексенбі күндері мұнда тағы бір үлкен шара өткізілмек. Атап айтар бол­сақ, 25-27 ақпан аралы­ғында А.Се­лезнев атындағы хореогра­фия­лық учи­лищеде «Шығыстың жау­һар­лары» атты би өнерінен Қазақстанның ашық чем­пио­наты өткі­зіл­мек. «Би фан­та­зиясы» рес­пу­бли­калық фес­тива­лінің ая­сында осымен же­тінші рет өтіп отыр­ған бұл байқаудың негізгі ұйым­дастырушысы – Фитнес аэробика қа­уым­дастығы. Би бай­қауына Астана, Ал­маты, Орал, Шым­кент, Қара­ғанды және Қа­зақстанның бас­қа да об­лыс­тары мен жа­қын шетелдің әр қа­ла­ла­рынан әуесқой жә­не кәсіпқой шы­ғыс биін билеуші би­шілер қа­тысуға ниет білдірген екен. Ұйым­дас­­ты­ру­­шылардың ай­туынша, аталған фес­тиваль шы­ғыс биі мен шығыс мә­дениетін жоғары ба­ға­лайтын жан­дардың басын біріктіріп, әсі­ресе жас таланттардың рухани тыны­сы­ның ашылуына септігін тигізбек. Дәстүрлі түр­де қолға алынып келе жатқан бұл байқау әуесқой бишілер мен би өнерінің қыр-сырын жаңадан меңгеру­ші­лер­ге өз кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету­мен қатар, өзінің шығармашылық әле­уетін ашу­ға мүмкіндік беру мақсатында өт­кі­зіліп келеді. Жыл өткен сайын талаптары кү­­шейіп, беделі артып келе жатқан бай­қауға құр­метті қонақ ретінде Мысыр мен Си­риядан танымал би­ші, педагог-хо­рео­граф, шығыс биінің қою­шы­сы Татьяна Фе­дяева мен әнші-ком­по­зитор, Халықаралық әртістер қауым­дас­ты­ғының президенті Яссер әл Сувейри ар­найы шақырылған.
Жас бишілердің өнерін осындай та­ны­мал бишілер мен шығыс биінің хо­рео­граф­тары, белгілі әншілер мен музыканттар са­рап­қа салып, қатал сыннан өткізбек. Би жа­­рысының соңында чемпионаттың же­ңім­­паз­­дары төсбел­гілермен, арнайы ди­плом­дармен мара­пат­талып, оларға кубок пен бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады. Байқаудың жабылу салтанатында шығыс биін орындаушы қонақтардың гала концерті ұйымдастырылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста