"Алматы аруы - 2017" атанған Сабина Әзімбаева тұрмысқа шықты. Қазақстан намысын "Ғалам аруы - 2018" сұлулық байқауында қорғаған бойжеткеннің үйлену тойы ұйғыр салт-дәстүрлері бойынша өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сабина Әзімбаева өміріндегі ең бақытты күнінің сәттерімен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
Мінсіз мүсінді ару басқа танымал бикештер сыңайлы сүйіктісін жасырмай, онымен түскен суреттерін еркін түрде жариялауда.
"Алматы аруының" жазбаларына сәйкес, ерлі-зайыптылар бірінші тойын ұйғыр салты бойынша өткізсе, екінші үлкен тойды заманауи үлгіде тойлаған.
Әзімбаева жолдасын көрсеткенімен, ол жайлы тың деректермен бөлісуге асығар емес.