Әлихан – қазақ зиялыларының кемел бейнесі...

Әлихан – қазақ зиялыларының кемел бейнесі...

Уяма Томохико, Хоккайдо университеті жанындағы Славян зерттеу орталығының профессоры:

– Әлихан Бөкейханды қай уақыттан бері зерттеп келесіз?
– Бұл мәселемен айналысып келе жатқаныма жиырма жылдай уақыт болды. Мен тек қана Әлихан Бөкейханды ғана зерттеп қойған жоқпын, сонымен қатар қазақ зиялыларының ішінде Ахмет Байтұр­сынұлы, Міржақып Дулаттармен де таныс­пын.
– Алашордашылармен алғаш қайдан «таныстыңыз?»
 – Батыс тарихшыларының еңбегінен. Бірақ олардың еңбегінде Алаш пен алаш­ордашылар жайында ақпарат өте аз бол­ды. Былайша айтқанда, ондағы ақ­параттар қанағаттандырмады. Сон­дықтан да өзім олар туралы ізденіп, оқи бастадым, ақыры зерттеуге де бел будым.
– Сонда Алаш зиялылары сізді несімен қызықтырды?
– Мені қызықтырған олардың көз­қарастары. Мәселен, Әлиханның көз­қара­сында прогрессивтік және еуропа­шыл­дық идеямен қатар, қазақ дәстүрін және қазақ­тықты сақтап қалу идеясы болды. Сондай-ақ ол модер­низациялық және кәсі­би көз­қарастарға да бай болды. Маған осы қатты ұнады. Жалпы, Әлихан тұлға ретінде кімді бол­сын қызықтыратыны сөзсіз. Оның жазба стиліндегі терең са­рап­тамасына тәнті боласың. Қалжыңға да кетәрі емес еке­нін аңғарасың. Әлихан – қазақ зиялы­ларының кемел бейнесі десе де болады. Ол орыстың мәдениетін де, қа­зақтың дәстүрін де жетік меңгерген тұлға.
– Әлихан Бөкейхан ұлттық-де­мократиялық мемлекет құруда Жапонияны үлгі тұтады. Не себепті деп ойлайсыз?
 – Алаш зиялылары барлық халықтың қарым-қабілеті бірдей болады дегенге сенген. Яғни бір халық бір халықтан ақыл­дырақ немесе біреуі біреуінен ақымақ болуы мүмкін емес деп есептейді олар. Сондықтан да олардың мақсаты – ұйқы­дағы қазақты ояту болды. Егер қазақ оя­нып, еңсесін тіктегенде аз уақыттың ішінде дамыған мемлекет­термен терезесі тең, керегесі кең бола­тынына көздері жетті. Міне, осы тұста олар Жапонияны дамудың моделі ретінде қарастырды.
– Жапония тарихында Әлиханға ұқсас тұлғалар бар ма?
– Жапониядағы реформалар мен қайта жаңғыртулар көптеген тұл­ға­лар­дың ықпа­лымен жүріп тұрды. Сондықтан да Әли­хан­­ды Жапонияның нақты қандай да бір тұлғасымен салыс­тыру қиын. Ал ұжым­дық тұлға­ларға келер болсақ, Жапонияда Алаш­­орда­шыларға ұқсайтын ұжымды тұл­ғалар көп. Яғни халқын қар­қынды даму­­ға шақыратын, ұлттың біртұ­тастығын сақтауға үндейтін, батыс мәде­ниетін мең­геруге ке­ңес беретін ұжымдар да тарихтан өткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста