Алғашқы аудандық мұражай ашылды

Алғашқы аудандық мұражай ашылды

Жамбыл облысының тарихын­да алғаш рет аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ашылып отыр. Байзақ ауданында орын алған тарихи маңызы бар шараға облыс жұртшылығы қуануда.
Ең бастысы, мұражай экспонаттарынан бөлек мұнда аудан тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Аты айтып тұрғандай аудан батыр бабамыз Байзақтың атында. Сондықтан да батыр баба жайлы толық мағлұмат алуға болады. Сондай-ақ аудан атақты азаматтарымен да мақтана алады. Осы өңірден шыққан 24 Социалистік Еңбек Ерлері туралы да қосымша стендтер қойылған.
Әбутәліп ҚОШБАЕВ, «Тарихи-өлкетану» мұражайы» ММК директоры:
– Мұражай қойылымдарының арасында Байзақ ауданының аумағында жүргізілген қазбалар барысында табыл­ған қолдан жасалған құнды жәдігерлер қойылып отыр. Олардың арасында қол­дан жасалған диірмен, тағы да басқа ескі бұйымдар бар.
Сондай-ақ тарихи экспонаттардан басқа мұражай ішінде аймақтың тарихы баяндалатын бай фотоматериалдар жи­нақталған. Алдағы уақытта мұражай жеке ғимаратқа көшіріледі. Жаңа ғимаратты жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен бес миллион теңге бөлініп отыр. Мұражай қызметкерлері алдағы уақытта тағы да жаңа жәдігерлермен толыға түседі деп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста