Әлемдік музыкаға электр домбыраны әкелген топ

Әне-міне дегенше, «Алдаспан» тобының әуендері әлемдік чарттың алғашқы орындарына шықты. Қазақ даласының көне дәуірден бергі музыкасы дүниежүзіне тұңғыш рет ауыр рок стилімен астаса естіліп жатыр. Металл жанрында қазақ домбырасының қоңыр үні пайда болды!
Алдаспан» этно-рок тобының құрыл­ғанына бір жыл болды. Бірақ рок-музы­каны домбырамен орындау шындық­қа оп-оңай айнала қойған жоқ. Топ жетекшісі Нұржан Тойшының айтуынша, оған дом­бы­раны электр гитараға бәсекелес ету идея­сы ең алғаш 80-жылдардың соңында келген. Орыс мектебінің оқушысы қатар­ластарымен бірге рок-музыкаға құмар­татын. Metallica, Slayer, Sepultura сияқты трэш-металдың өкілдерін тыңдап, соларға еліктейтін. Нұржан бір күні өзі айрықша әсер-қуат алатын бұл әуендердің қазақтың төкпе күйлерінің қағысына ұқсастығын байқайды. Қарапайым домбырамен мұн­дай әуендер туғызу мүмкін емес. Бірақ электр гитара сияқты электр домбыра неге жасамасқа?! Нұржанның бұл ойын мек­тептегі достары құптай қоймайды, өйткені ол заманның балалары үшін домбыра жаңа заманға сай емес аспап көрінетін. Дегенмен музыкант үшін балалық қиял өлмеді. Арада аттай 21 жыл өткенде Нұр­жан Мәскеудің электр гитара сататын дүкендерінің бірінен өзінің болашақ жо­басына қажетті бөлшектерді сатып алып, Алматыға келеді. Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консер­ваториясынан еліміз­дегі фортепианоның құлағын келтіретін жалғыз маман – Мұрат Көбековті тауып, идеясын айтады. Электр домбы­раның алғашқы үлгілері жасалады, бірақ пішіні қисықтау болып, пернелері ноталар­мен сәйкес келмей шығады. Дегенмен сол аспап жобаларының өзі кәсіби шебер болса, электр домбыраны жасап шығу мүм­кін екенін және оның өзіндік үні болатынын дәлелдеп берген еді. Нұржан Мәскеуге тағы келіп, Шығыс Еуропадағы музыкалық аспаптар жасайтын бірегей шеберхана – Шамрай орталығына тап­сырыс береді. Жобаны біраз талқылаған шеберлер ақыры 2011 жылдың ақпанында бас, ритм және соло электр домбыраларын жасап шығарады. Іргелі музыкалық топ құру үшін Нұржан кәсіби білімі бар жастарды іздестіре бастайды. Топқа мүше болуға ниеттілер аз болмай шығады. Түптің түбінде соло домбыраға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория­сының жетекші солист домбырашысы Мақсат Хасанов, ритм домбыраға жас та болса, шетелдерге шығып өнер көрсетіп үлгерген Бақытжан Желдербаев және бас домбыра мен вокалистікке консер­ваторияның жас домбырашысы Шамшад­дин Омаров алынады. Нұржанның өзі әнші әрі барабан соғушы болады. Бір айдың ішінде алғашқы альбом жарыққа шығады. Ағылшын тіліндегі «Атилла» атты жинаққа «Күлтегін», «Едіге», «Жекпе-жек», «Ақсақ құлан туралы аңыз», «Көңілашар», «Ал­даспан» сияқты ән-күйлер енді. Қазақ даласының әлімсақтан сынын жоғалтпай жеткен әуендерінен құралған альбом шетелдіктердің көңілінен шыққан. Әйгілі Земфирамен, «Мумий Тролль» тобымен жұмыс істейтін дыбыс инженері Владимир Овчинников электр домбыра аспабына таң-тамаша қалып, «ең бірегей жоба» деп, жоғары баға берді. Көп ұзамай топтың күйтабағы мен алғашқы бейнебаяны да жарық көрді. Қазір «Алдаспанның» әуендері әлемдік чарттарда жүр. Сәуірдің соңғы күндері Американың Roadrunner Records компаниясының салалық хит-шеруінде топтың шығармалары 2-орынға көтерілді.
Нұржан Тойшы, «Алдаспан» тобының жетекшісі әрі продюсері:
– Дүниежүзінің түрлі ұлттары өзде­рінің дәстүрлі музыкасынан айырылып жатыр. Батыстың, Американың, Еу­ро­паның мәде­ниеттері басым болып жатыр. Жасыратын не бар, олардың музы­канттарының шеберлігі әлдеқайда жоғары. Бірақ домбырашыларға кел­генде, біз бәрінен артықпыз. Жоба осыны дәлелдеу үшін қолға алынған болатын. Бұл – бір, екінші бір көздеге­німіз – қазақтың жастары гитараға сүйсіне бермей, домбыраның да электрлі нұсқасын қолданса екен деген ой. Бүгінде бізде рокты тыңдайтын аудитория аз, бірақ бұл – табиғи нәр­се. Мұндай жағ­дай Америкада да бар, онда да рокты 100 адамның 20-сы тыңдауы мүмкін. Рок-музыка өзі зиялы адамдарға арналған. Бұл көп ше­берлікті талап етеді. Роктың аудито­риясының өзі аз болса да шын берілген тыңдармандардан тұрады. Дегенмен біздің тыңдармандардың қатары кө­бейеді деп ойлаймыз. Өйткені бізде көне түркілік сарындар, ұлттық музыка, фольклор бар. Шетелдік сарапшы­лардың өзі бізге өте жоғары баға беріп отыр, тіпті олар біздің әуендеріміздің жанрын айқындау қиын екенін айтты. Америка­лықтар «алдаспан­дық» жігіт­тердің аспапта ойнау шеберлігіне 10 балдық жүйе бойынша 9 балл берді.

Топ алдағы жылдары роктың алты жанрында альбом жазуды жоспарлап отыр. Жуырда музыканттар Тұңғыш Пре­зидент қорынан келесі күйтабақты шы­ғаруға қажет грантты ұтып алды. Ол қыр­күйекте жарыққа шығып қалуы тиіс. «Атилла» жинағы екі инструменталды шы­­ғармадан, ағылшын тіліндегі әндерден және екі қосымша бонус тректен тұрса, келесі күйтабаққа топ мүшесі Шамшаддин Омаровтың даусымен жазылған әндер енбек. Одан кейін шертпе күйлерден және төкпе күйлерден тұратын инструменталды шығармалар жинақтары да жарыққа шығатын болады. Келешекте топ ХV-ХVII ғасырлардағы жаугершілік жыр-дас­тандарды да ауыр рок түрінде қайта өмірге келтіруі мүмкін.

Рок – салмақты тақырыптардың музыкасы. «Алдаспан» өз өнеріне көне түркілік рух пен көшпенділер өмірін, батырлық пен отаншылдықты арқау етіп отыр. Топ роктың даңқымен домбыраның үнін, қазақылықты насихаттауды, электр гитараға әуес жастардың домбыраға қызығушылығын оятуды көздейді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста