Әлемдік классика Алматыда шырқалуда

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет теат­рында Опера және балет өнерінің ІІІ халықаралық фестивалі өтіп жатыр.
Фестивальға Италиядан, Ұлыбритания мен Оңтүстік Кореядан әлемдік жұлдыздар қатысуда. Ауқымды шараның ұйымдасты­рылуына ұйытқы болған – Қазкоммерцбанк. Классикалық музыка фестивалінде дүние­жүзінің үздік сопрано және тенорлары Ал­ма­ты жұртшылығын әдемі әсерге бөлеуде. Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның ай­туынша, мұндай фестивальдар өте маңыз­ды. Әншілер мен дирижерлер, режиссерлер осындай халықаралық шаралар арқылы шеберліктерін шыңдайды.  Сондықтан да бұл – өте қажетті байланыс.
Әлем өнерпаздарының ынтымағын жарастырған фестиваль бағдарламасында әйгілі Джакома Пуччинидің «Богема» және «Тұрандот ханшайым» опералары, Петр Чайковскийдің «Аққу көлі», Борис Эйф­ман­ның «Анна Каренина» балеттері бар. Шетелдік қас шеберлермен бірге отандық әртістер де өнер көрсетеді.
– Биыл өткізіліп отырған өнер фестива­лінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, фестивальға шақырылған әлемдік деңгейдегі опера мен балет жұлдыздары бұрын-соңды Қазақстанда болмаған. Яғни біздің мақсатымыз – өнер мерекесінің си­па­тын дүниежүзілік мәдениетпен байла­ныс­тыру, – дейді Қазақстан музыка қайрат­кер­лері одағының атқарушы директоры Валерий Күзембаев.
Алматы жұртшылығының 24 маусымға дейін классикалық музыка өнерімен сусын­дауға мүмкіндігі мол. Мәдени шара келер жылы да өнерсүйер қауыммен қайта қауы­шады деп жоспарлануда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста