"Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болған Қуандық Рахым өзімен хит әндерді бірге орындаған Альбина Шардарованы алғашында халықтың қабылдамағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Болайық бірге" әнін Гаухар қарындасымызбен орындаған болатынмын. Өкінішке қарай, Гаухар қарындасымыз отбасылық жағдайына, оқуына байланысты концерттерге шыға алмайтынын, клипке түспейтінін, менімен гастрольге бара алмайтынын айтты. Содан кейін, амал жоқ, орындаушы іздеу керек болды. Бірақ көп іздемедім. Ең алдымен Альбина қарындасымызға хабарластым. Солай таныстық. Басында Альбинаға оңай болған жоқ. Халық Гаухардың даусына үйреніп қалған. "Гаухарды қайтарыңдар", - деген пікірлер жазылды. Аллаға шүкір, үш-төрт күннен соң барлығы Альбинаны жақсы көріп кетті", - деді Қуандық Рахым. Айта кетелік, бұған дейін Альбина Шардарова Қуандықпен қалай танысқанын айтып, оның ұсынысын қуана қабылдағанын жеткізген еді. Сондай-ақ Қуандық Рахым алғаш рет өзінің қызын бір жасымен құттықтап, сәбиінің суретін әлеуметтік желіге жүктеді.