Өткен жылы тұрмысқа шыққан Альбина Шардарова енді Қуандық Рахыммен дуэт орындамайды. Бұл жайында әншінің өзі "Хит-ТВ" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.
Қуандық Рахыммен дуэт айтып танылған әнші қазір сахнаға жалғыз шығып жүр.
"Қуандық өз жолымен, мен өз жолыммен кеттік қой. Енді шығармашылығымызды байланыстырамыз деп ойламаймын", - дейді Альбина Шардарова.
Сондай-ақ әнші қазіргі таңда өзіне дуэт айту үшін өнер иелері көп ұсыныс тастайтынын жасырмады.
"Қазір көбіне дуэтке ұсыныс түседі. Оның арасынан таңдап, ойланып ән орындап жатырмыз. "Жігіттер" тобының концертінде Ердос ағамен дуэт айттым", - дейді әнші.
Айта кетейік, 2018 жылтың тамыз айында Альбина Шардарова мен отандық актер Бауыржан Сатов шаңырақ көтерді.
Осыдан кейін желі қолданушылары әнші мен актердің бұрын отбасылы болғанын желіде жарыса жазды.