Алашы Сапарын сағынышпен еске алды

Алашы Сапарын сағынышпен еске алды

Халқына қаламымен ғана емес, бүтін болмысымен қызмет еткен Сапар Байжанов есімі елінің есінде қазіргі «Егемен Қазақстан», сол кездегі «Социалистік Қазақстан» секілді іргелі басылымның бас редакторы, биік адамгершілік иесі, талай ізінен ерген інілерінің қамқоры, талантты тамырынан танушы қырағы басшы ретінде қалған. Семсер сөздің серкесі көзі тірі болғанда сексенге келеді екен, алайда біреуге ерте, біреуге жай келетін ажал оғы ол кісіні бұл пәниден ертерек алып кетсе керек. Алайда ініге аға, шын мұқтажға жанашыр болған биік адамгершілік иесінің артында тек шығармашылық мұра ғана емес, қамқорлығын көрген талай жандардың өмір жолы мен жүрегінде өшпес ізі де қалса керек.
Қарашаның 20-сы күні М.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрында қаламгер, публицист, көрнекті қоғам қайраткері Сапар Байжановтың 80 жылдық мерейтойы тойланды. Алматы қаласының әкімшілігі және Қазақстан Жазушылар одағы, республикалық «Еге­мен Қазақстан» газетінің ұйытқы болуымен өткен бұл жиында қазақтың бар зиялы қауымы бас қосты.
Сауытбек ӘБДІРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті:
– Сапар ағаның 80 жылдық тойының хабарын естігенде, ол кісінің табаны күректей он жыл басқарған газетінің бүгінгі өкілдері өз тарапымыздан мерейтойға қандай үлес қосарымызды білмей қиналдық. Ойлана келе, «Сара сөздің сардары» деген қарымды қаламгерге арналған кітабын шығарсақ деп шештік. Ағамыздың жан жары, өзі де журналист Күләш апамыздың құрастыруымен ол кітап, міне, бүгін қолымызда. Әрине, әрбір ортақ іс дегеннің түбінде жеке мүдденің де жататынын ескерсек, бұл ретте маған да кезінде қамқор қолын созып, әлі өз соқпағымды таппай жүрген тұста даңғыл жолға салып жіберген Сапар ағамның адамгершілігі алдындағы парызымды өтеу ниетім де жоқ емес.
Серік Қирабаев, академик:
– Сапар журналистикада, әде­биетте үлкен із қалдырған қазақтың үлкен бір азаматы болды. К.Фе­дин­нің «Журналист болып газет-журнал­да істемеген адам жақсы жазушы бола алмайды» деген сөзі бар, олай болса, Сапекең нағыз осы талап үрдісінен шығатын қаламы жүрдек жазушы бола білді. Жаза білетін, көркем әдебиетті танитын адам қашанда ғылымға жақын жүреді, Сапар соны өз еңбегімен көрсетті.

                            Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Кезінде «Социалистік Қазақстан» га­зе­тін басқарған тұсында Сапар Байжановты балақтан тартып, аяғынан шалғысы келгендер көп болса керек. Тіпті солардың бірі 180 беттен тұратын арыз жазғанда, оны жұмысынан шығарып жіберу қолынан келетінін білсе де, «қиянат жасамайын, обал болады, Құдайдан тапсын» деген кеңпейіл иесі кейін архивке басшы болып кеткенде, «Сапарды архивке жібердік» деп қуанғандар болыпты. Алайда архив қайта Сапар Байжановтай жазушының қаламын шыңдап, архивтің бай қазынасын кәдеге жаратып, «Абай және архив», «Архив – айғақ», «Қажыға барған қазақтар» секілді қомақты дүниелер тудыра білді.
Салтанатты кеште «Отырар сазы» ор­кестрі өнер көрсетіп, сондай-ақ Сапар Бай­жан­ов туралы 40 минуттық деректі фильм көр­сетілді. Оның авторы – жазу­шы, драматург Сұлтан Оразалин. Ақын­ның өзі болмаса да, жары Күләш Бей­сенбіқызының иығына шапан жа­бы­лып, мәр­тебелі той иесіне күллі жұрты құрмет көр­сетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста