«Алашұлы» тобы: «Бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» дедік

«Алашұлы» тобы: «Бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» дедік

Олар қара шаңырақ Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері. Тұңғышбай Жаманқұлов және Оразхан Кенебаев сынды белгілі өнер қайраткерлерінің шеберханасында шыңдалуда. Олар Ұлы Абайдың «атаның баласы болма, адамның баласы бол» қағидасымен Алаш жұртының атын айдай әлемге танытуды көздейді. Қазақ эстрадасына жаңаша леппен келген бұл топтың аты – «Алашұлы». Ұшқын, Мақсат, Әзімбек есімді үш жігіттен тұратын топты сұхбатқа тарттық.

– «Қаражорға» мен «Жарапазан» атты әндеріңізді естіген сәтте, «бұл қан­дай топ болды екен?» деп елең еттік. Кейін білдік, атауларымыз үнде­се­ді екен, ендеше, «Алашұлы» «Алаш ай­насына» қош келдіңіздер! Өздеріңіз жайлы айта отырсаңыздар...
– Біз ең алғаш «Алашұлы» болып 2009 жылы Наурызда қазақтың ұлттық киімін киіп, «Қаражорға» деген әнімізді айтып әрі билеп шықтық. Эстрадада жүрген әншілер де, топтар да көп, бірақ, біздіңше, солардың қазақы исі аңқитыны аз боп көрінді. Топ­та­ғы үш жігіт те қазақтың ұлттық ас­пап­та­р­ын шер­тіп, ұлттық салт-дәстүрін ба­ла кү­ні­міз­ден бойымызға сіңіріп өскенбіз, сон­дықтан да қазақты шын сүйетін пер­зент­теріміз дей ала­мыз. Сондай-ақ тобымызға ешқандай ру­ға, жүзге бөлінбейтін, тұтас ұлтты жұ­мыл­дыратын бір атау алғымыз келді, сол се­бепті бір атаның емес, барша алаштың ұлы болайық деп «Алашұлы» болдық. Ең ал­ғаш сахнаға шыққанда ән салмас бұрын Мір­жақып Дулатов ағамыздың «Алыстан Алаш десе, аттанамын» деген өлеңін оқы­дық. Сонан соң «Қаражорғаны» салдық. Ке­йін «Жарапазан» дүниеге келді.
– Бүгінгідей урбандалған қоғамда осы «Жарапазанның» жұрнағы ғана қал­­ғаны жасырын емес. Тіпті ораза ке­зін­де жарапазан айтушыларды қайыр ті­леу­шілер секілді көріп, есігін ашпай не қуып жіберетіндер де жоқ емес. Сөйт­кен жарапазанды жаңаша фор­ма­да ұсыну идеясы қайдан келді және жұрт қалай қабылдауда?
– Барша мұсылманның қуа­ныш­­пен қар­сы алып, қи­мас­тық­пен шығарып са­ла­тын ең ұлық айы – Рамазан. «Сол айға біз не сый­лай­мыз?» – дедік. Содан ке­йін бір­де «Ана тілі» га­зе­ті­нің жур­налисі Біләл Қуаныш деген аза­­­мат: «Сендер осы қазақтың қа­­лып бара жатқан жарапазанын не­ге жаң­ғырт­­пайсыңдар?» – де­ген ой тас­тады. Көкейімізге қона кет­ті. Ал оның алдында газетте жара­па­­зан­ның ауыз әдебиетінде қа­лып қой­ған, ел онша білмейтін мә­тіні жа­рияланған. Соны не­гіз­ге алып, сон­дай-ақ еліміздің бар­лық өңір­ле­рінде, тіпті Қытай қа­зақтары ай­та­тын нұсқаларын жи­нап, «Жа­ра­па­занды» шы­ғар­дық. Ең алғаш же­­тім­дер үйінде бол­ған ауыз­ашар­­да орындадық. Сонда орыс ба­лаларының «Ас­са­­лау­ма­ға­лей­күм, аға, оразаңыз қа­был бол­сын!» де­­генін естіп, кө­зімізге жас, тама­ғы­­мызға өк­сік тығылды. Тіпті бір орыс бала өзі мылқау болса да, ора­за ұс­тап, намаз оқиды екен, со­ны көр­генде, жүрегіміз елжіреп, жы­­лап жібердік.
– Репертуар таңдауда не­ге мән бересіздер?
 – Бұрын бабаларымыз бі­лек­­тің кү­ші, найзаның ұшымен елін-же­рін қо­рғаса, қазір шүкір, ондай жау­гершілік заман емес, дегенмен бізге сол рух, сол намысты жоғалтып алмау ке­рек қой. Сол намыстың буымен бұрынғы біз­дің Бұқар жырау, Шалкиіз, Ақтамберді т.б жырларын жаңғыртуды ойладық. Неге? Се­бебі ұр­паққа өсиет осы бір сөздерде біз­дің өткен та­рихымыз, қазақтың ұлттық ко­ды жатыр, бі­рақ, өкінішке қарай, ол тек жыр ре­тінде кітап бетінде ғана болмаса, бүгінгі қа­зақтың назарында, тілінде, ділінде жоқ. Ке­рісінше, Майкл Джексонды амери­ка­лық­тарды былай қойғанда, қазақтардың да ішінде пір тұтатындары аз емес. Жас­тар­дың тіпті көшеде, көлікте құлаққап киіп тың­дайтыны, шыны керек, батыс әуендері. Қа­шанғы қазақ баласы өзге әуенге төң­ке­ріл­мек? Бәлкім, біздің өз бойымыздағы қан мен жанымызбен үндесетін әндерді, жы­рау­лар поэзиясын білмегеннен шығар? Сол се­бепті біз сол міндетті өз мойнымызға ал­дық. Осынау жауһарларымыздың мазмұ­нын сақтай отырып, қазіргі қоғамның сұра­ны­сына сай стильде шығармақпыз. Егер жақ­сы насихаттай алсақ, кім білсін, қазақ ба­ласы жырауларды әндетіп, соған бірге би­лейтін де болар.
– Әннің жұртшылық тарапынан жақ­­сы қабылдануында аран­жи­ров­ка­ның рөлі үлкен ғой. Нағыз қазақы бо­я­уы қанық әрлеу жасау екінің бірінің қо­лы­нан келе бермейтіні де рас. Сіздер кім­ге жүгінесіздер?
– Ең алғаш «Қаражорғаны» жазарда, оның батырлық жігерін, ұлттық рухын дұ­рыс әрлей алатын кім бар деп қатты ойландық. Дәл сол тұста ойымызға бірден «Мен қазақпынды» шығарған Ерболат Құдайбергенов ағамыз келді. Барып, өзі­мізді таныстырып, ойымызды айтып едік, бір сөзге келместен, ұлт музыкасы үшін біз­ге аранжировка жасап берді. Ер­бо­лат Құ­дай­бергеновті қазақ әніне шын бе­рілген, ол жолда ештеңесін аямайтын жомарт жігіт де­се әбден жарасады. Енді қазір өз сту­дия­мызды құрып жатырмыз.
– Әлі бейнеклип түсіріп үлгермеген се­кіл­дісіздер, бірінші қай әнге түсірер еді­ңіздер?
– Әрине, «Қаражорғаға».
– Сәттілік тілейміз, ендеше!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста