Газет шарапаты
Сафуан Шаймерденов
(1922-2007)
Бізде портфелін толтырып, күлді-бадам бірдемелерін алып келіп столға тастап, ар жағындағы шығарма тағдырын редакциядағыларға ұстата салатын жазушылар да бар. Қырық жыл ішінде газетте көптеген журналист азаматтармен қызметтес болдым. Газетте тілші болып істегенімді осы ретте сағынамын. Өзімнен кейінгі журналистерге, газет қызметкерлеріне құлаққағыс етерім – еш жерде, қайбір жағдайда болмасын: «Мен газет қызметкерімін!» – деп кеуде көтеріп, піскен кезім болған емес.
...Қаламымды қара басымның қамына пайдаланған жерім жоқ.
«Газет шарапаты» мақаласынан.
«Ленин туы», 1980 жыл
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970-1975 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Ол ұлы Мұхтар Әуезовтен тәлім алған. Әдебиетімізге 50-жылдары келген тегеурінді толқынның алдыңғы сапында болып, қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен қолтаңбасын қалдырып, өз орнын айшықтаған қабырғалы қаламгерлердің бірі Сафуан Шаймерденов қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистік көркем дүниелермен қайталанбас қолтаңбасын қалдырды.
АЛАШ СӨЗІ
Последние статьи автора