«АЛАШ» идеясы оқушыларға жеткiлiктi дәрежеде дәрiптелiп жатқан жоқ

Газетiмiздiң 18 ақпан күнгi №16 санында «Алаш» идеясын насихаттауға да идея керек» атты мақала жарық көрген болатын. Аталған мақала жұртшылық арасында қызу пiкiрталас туғызып, редакциямызға хабарласушылар көптеп табылды. Тiптi өздерi келiп, үн қосқысы келгендер де болды. Солардың бiрi – Талғар қаласы Абай атындағы №3 орта мектебiнiң мұғалiмi Клара Темiрова. Алаш тақырыбының мектептердегi оқытылуына көңiлi толмайтын ұстаз осы олқылықтың орнын қалай толтыруға болатындығын айтқан өзiнiң ұсыныстарын қағазға түсiрiп ала келiптi. Ұстаздар қауымын ғана емес, күллi Алаш жұртын толғандырып отырған осы мәселеге тиiстi министрлiктер назар аударып, қорытынды шығарса, ұлт болашағы үшiн игiлiктi шаруа болар едi. Шынымен де, жеткiншек ұрпақ «Алаш» идеясымен жүйелi түрде таныс болмағандықтан, бiрте-бiрте өз тарихын ұмыт қалдыруы мүмкiн. Осы орайда төменде бiз газетiмiзге үн қосқан ұстаздың шағын мақаласын ұсынып отырмыз.
Бүгiнгi жаһандану заманында жастар бойына ұлттық идея мен патриоттық сезiмдi тәрбиелеуде қазақ халқының өткен тарихының рөлi зор.
«Бiр тiл, бiр дiн, бiр мемлекет, бiр хан» ұстанымымен Керей мен Жәнiбек сұлтан құрған алғашқы Қазақ мемлекетi мен оны нығайту жолындағы Қасым хан бастап, Хақназар қостаған «Алты Алаш» идеясын жүзеге асыру жолындағы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы, Алаш идеясы және Алашорда өкiметiнiң тарихын Алаш қозғалысының 90 жылдығына байланысты оқыту ерекше мағынаға ие.
Алайда осы Алаш мәселесi мектепте жеткiлiктi дәрежеде оқытылып жүр ме? Бұл сұраққа қанағаттанарлық жауап беру қиын. 11-сыныптың Қазақстан тарихы оқулығында бiр жарым беттiк үш тақырыпша ғана арналған. Мысалы: 1. Алаш партиясының құрылуы. 2. «Қазақ» газетi. 3. «Алаш партиясының бағдарламалары және тактикасы» деген тақырыпшаларда материалдар өте қысқаша берiлген. Тiптi Алашорда өкiметi, оның Конституциясы туралы еш нәрсе айтылмаған. Алаш қайраткерлерiнiң есiмдерi жай ғана атап өтiледi. Бұл мәселелердi жан-жақты, тиянақты түсiндiру үшiн мұғалiмге көмекшi құрал да жетпейдi, ауыл мұғалiмдерi үшiн мүмкiндiк аз.

                                                                                                                   Клара ТЕМIРОВА
Жағдайды жақсарту үшiн ең алдымен бұл тақырыпқа жарты сағат емес, бiрнеше сағат бөлу қажет.
Екiншiден, Алаш қозғалысы туралы хрестоматиялық материалдар, энциклопедиялық сөздiктер, тарихи, көркем әдебиеттер, өнер туындылары көп шығарылуы тиiс.
Үшiншiден, бұқаралық ақпарат құралдарында жеткiлiктi насихатталуы керек.
Алаш қозғалысының 90 жылдығы жоғары оқу орындарында, ғалымдар арасында жергiлiктi мәнi бар жағдайда ғана атап өтiлдi. Бұл айтулы оқиға ұлттық, мемлекеттiк дәрежеде жүйелi дәрiптелмедi. Әсiресе, мектептерде мұғалiмдер арасында педагогикалық оқулар, оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауы, жас ақындар мүшәйрасы сияқты т.б. шаралар мақсатты жүргiзiлмедi. Ал көршi әзiрбайжандар өздерiнiң парламентiнiң 90 жылдығын мемлекеттiк дәрежеде емес, халықаралық дәрежеде өткiздi.
Осындай жұмыстардың әлсiздiгiнен қазiр қазақ ұлтының саналы жастарының көп бөлiгi «Алаш этнонимi», Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкiметi, қайраткерлерi мен олардың қоғамдық саяси қызметтерi, тарихтағы рөлi туралы тым мардымсыз бiледi.
Төртiншiден, мектептерде неге «Алаштану» курсынан факультативтiк сабақтар ұйымдастырмасқа?!
Қорыта айтқанда, Алаш идеясын түгендеу – ұлттың қамы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста