Әкім қаламгерлерге қолдау көрсетті

Пав­ло­дар облысы­ның әкімі Ерлан Арынның қолдауы­мен керекулік қалам­гер­лер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері: Арман Қани, Виктор Семерьянов, Сүлеймен Баязитов, Ақын Алақанұлының кітаптары және жас ақын-жазушылар­дың «Тәуелсіздік тұғыры» атты ұжымдық жинағы Аста­на қаласындағы «Фолиант» баспасынан әрқайсыcы 1000 данамен жарық көрді.
Ұжымдық жинаққа 2011 жылы, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Павлодар облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйытқы болып, Павло­дар қаласында өткізілген респуб­лика­лық жас қаламгерлер фестиваліне қатысқан жас ақын, жазушы, драматургтердің туын­дылары енген.
Сонымен қатар тікелей аймақ бас­шысы­ның қолдауымен Павлодар қаласын­да «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Журналдың таралымы – 1000 дана, көлемі – 200 бет, мұқабасы мен кейбір ішкі беттері түрлі–түсті суреттермен безендірілген. Журнал­дың І санының беташарында облыс әкімі­нің «Өркенді өңіріміздің сөз өнерін сүйер қауымына!» атты жарияланымы орын алған. Қазақстан Жазушылар одағы Бас­қар­­масының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбай, белгілі қаламгер Қалмұқан Исабай, «Нива» журналының бас редак­торы Владимир Гундаревтің құттықтаулары мен ақ тілектері берілген.
Олжас Сүлейменовтің өлеңдер топ­тамасы «Песня кумана» деген атпен жа­рия­ланған. Ахат Жақсыбаевтың «Қайтпас қайсар» романынан үзінді, сондай-ақ Жам­был Артықбаевтың «Ақсұңқар құс» дра­масы да журналдан орын алған. Керекулік қаламгерлер: Арман Қани, Ольга Григорьева, Ақын Алақанұлы, Виктор Семерьяновтың туындылары және жас ақын Серікболсын Дүйсенбайдың балауса жырлары жаңа журнал бетінде жарық көрген. Сұлтанмахмұт Торайғыров­тың «Айтыс» поэмасы мен Павел Васильев­тің өлеңдер топтамасы «Терең тамыр» ай­дарымен берілген.
Басылымның атауы Баянауылдағы Ақбет тауының Найзатас шыңы атынан алынған. Аталмыш шыңның бауырында тарихи оқиғалар өрбіген және өнер тарландары Шәкен Айманов пен Кәукен Кенжетаев туып-өскен. 1969 жылы сол жерде «Найзатас баурайында» фильмі түсірілген.
Журнал екі айда бір рет қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп тұрады, редакторы: керекулік жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Ғалымбек Жұматов.
Жуырда, Павлодарда, Чехов атындағы музыкалық-драма театрында облыс әкімі Ерлан Арынның зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде аталмыш кітаптар мен журналдың тұсаукесер рәсімі де өткізілді. Ерлан Мұхтарұлы қаламгерлердің кітап­тарын авторларға сахна төрінде салтанатты жағдайда өз қолымен табыс етті. Аймақ басшысы кездесу барысында жергілікті шығармашыл зиялылар: жазушылар, суретшілер, сәулетшілерге, сондай-ақ мәде­ниет, өнер, журналистика салалары қызметкерлеріне мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсететінін жария етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста