Әкенің қадірін әлсіретіп алмайық

Әкенің қадірін әлсіретіп алмайық

Бала күнімде теледидар бағдарламасын қарап отырып «Еркектерді аялайық» деген киноның атауына көзім түскен. «Мама, мен фильмнен қате тауып алдым, «әйелдерді» дегеннің орнына «еркектерді» деп қойыпты» дегенім есімде сонда. Расында, ол кез менің ұғымымда «еркек деген – әке, әке деген күшті, оларды аялау деген ұят» еді. Араға сан жылдар салып, біз «еркектерді аялайық» дегенді, шын мәнінде, ұранға айналдыратын заманмен қауышып отырмыз....
Ер деген категорияға шалбар кигеннің бәрін жатқыза берсек, оңбай қателесеміз. Сол азамат деген мәртебелі атқа сай ер­леріміз қаншалықты, мәселе сонда. Әсі­ресе бала тәрбиесінде. «Әке көрген оқ жо­нар» деуші еді... Қорқытқанымыз емес, бі­рақ қазір қоғамда «оқ жонбайтын» ба­лалар легі өсіп келеді. Себебі әке «көр­меген». Неге? Осыны талдап көрелік.
«Көкек» атауы анаға емес, әкеге телінуге тиіс
Соның ең біріншісі тура мағынасында, яғни шын мәнінде өмірінде әкесін көрме­ген балалар жетіп-артылады. Әдетте «кө­кек» атауын баласын тастап кеткен ана­лар­ға телиді, алайда осы бір жағымсыз тіркестің тууына ықпал еткен көкек құстың, расында, ұрғашысы емес, еркегі екен. Қа­лай дерсіз? Аналық көкектің жұмыртқа­ла­ғанын көрсе бітті, аталығы әлгіні жеп қоя­ды. Соны білетін ана көкекте жұмыртқалар шақта «қайтсем балапанымды жауыз әке­ге жем қылмай, аман алып қала ала­мын?» деген сары уайым басталатынға ұқсайды. «Басқа құстың бауырында өссе де, бала­паным аман жүрсін» деген тұжырымға ке­ліп, содан жұмыртқасын жат ұяға тастап ке­теді екен. Бұған орнитолог ғалымдар зерттеу барысында көз жеткізген. Сондық­тан біз көкек атын аналарға емес, баласын балағынан саулатып кете беретін қатыгез әкелерге қарата қолдансақ, дұрысы сол екен. Міне, сондай «көкек әкелер» зауалы қазақты да жайлағалы біршама жыл­дың жүзі болып қалды. «Қыздай жесір» де­ген теңеу баяғыда небары бір күн ғана жар құшағын көріп, ертесіне жарын соғыс­қа аттандырған, кейіннен қара қағаз алса да, ерінің көз жұмғанына сенбей, өле-өл­генше күтумен өткен келіншектерге қарата айтылушы еді. Енді бүгін айдың күні аманда күйеу көрмей, оң жақта отырып босанған келіншектерді солай, «қыздай жесір» атамасқа лаж жоқ. Албырт шақта алданып қалу бір басқа, ал енді ақыл тоқ­татқан қыздардың арасында «өзі үшін бала табу» деген құбылысты қалай түсіну­ге болады? Баяғыда қызы оң жақта оты­рып жүкті болып қалса, шілдехана жаса­мақ түгіл, ел бетіне қарай алмай қалатын қазақ қазір қалай өзгерген? Бұл не сонда? Рух­сыздық па? «Немерем әкесіз ғой, тіпті кім­нің тегінен жаралды өзі?» деген ой қа­лай ғана ата-әжесін ойландыр­ма­ғаны?! Әри­не, сәбиде жазық жоқ, бірақ осындай «оң жақ­та отырып босану» дегенге бей­жай қа­рай берсек, ұрпақ азбай ма? Қан бұзыл­май ма? Қан тазалығын «жеті атаға толмай қыз алыспайды» деген қатал заң арқылы қазақ­тан артық кім қорып келді? Енді бүгінге дейін бүкіл әлемге осы жағы­нан озық үлгі таны­тып келген қазақ қолды бір-ақ сілтесе, бас­қа елге не жорық? Қа­зақ­та «ет бұзылса – тұз себерсің, тұз бұзыл­са – не себесің?» де­ген сөз бар еді, осы тұста сол еріксіз тіл ұшы­на оралады екен...
Баланы баулу ежелгі жұртта қалып қойды-ау, сірә...
Әкені, шын мәнінде, көрмеу бір басқа, ал әкесі бола тұра, оның тәрбиесін көр­мейтін балалар да бар ғой. Барлығы деп көпке топырақ шашпай-ақ қоялық, деген­мен қазақ отбасыларының 80 пайы­зында балалардың тек ана тәрбиесімен өсіп келе жатқаны – ащы да болса ақиқат. Себебі қа­зақы менталитетте бала тәрбиелеу – ту­ғанн­ан бастап әйелге артылған іс. Қазақ еркегі о баста санасына солай сіңіріп өс­кен, ол отбасындағы өзінің ең басты мін­де­тін тек әйелі мен баласын аш қалдыр­май, асырау ғана деп түсінеді. Сенбесеңіз, гинеколог дәрігердің есігінің алдына бір барып көріңіз, қазақ келіншектерінің жау­таң­дап отырғаны. Сәбиін жарық дүниеге әкелгеннен кейін де үйде оған қарайтын – анасы, күтушісі болса – ол да әйел, бала­бақшада – әйел тәрбиеші, мектепте – әйел мұғалім, тіпті ЖОО-да да оқытушы­лардың басым бөлігі – нәзікжандылар, қыз­мет ор­нында да – қыз-келіншектер. Көзін ашып көргені әйел болса, ер-азамат үлгісін бала қайдан алмақ? Әке мен бала арасында диалог жоқ. «Балам» деп ұлы­мен ашыла сырласатын ер-азамат ілуде біреу ғана. Бәлкім, бір кездері оқ жонса да баласын қасына ертіп жүретін әкелер бол­ған шы­ғар. Атқа отыруды да, үй тігуді де, мал жайғауды да бала әкеден үйренді. Алайда ол үрдіс қазақ көшпелі ғұмырмен қош айтысқанда, сол ескі жұртта қалып қойды-ау, сірә. Отырықшылық ұлтымыз­ды мал-жаннан ғана емес, айырғанын айтса да бір­тіндеп қазақы тұрмыс, салт-са­на, әдет пен мінезден айырғанын бүгінде ешкім есепке ала бермейді.
Ер еңсесін көтеретін бағдарлама қажет
Әсіресе ұлдың әке қамқорлығын, әке тәрбиесін қатты қажетсінетінін ескерсек, үйінде әке көрмеген, балабақшада, мек­теп­те ер тәрбиеші мен еркек мұғалім көр­меген, ЖОО-да тағы әйел оқыту­шы­мен, қыз­метте қыз-келіншектермен қатар жүр­ген жігіт ер жігіт бейнесін кімнен, қай­дан алмақ? «Қыз­те­келер қайдан шықты?» деп аң-таң бола­мыз? Әрине, оның тікелей себебі бірыңғай әйел тәрбиесін көргеннен деп айтуға аузы­мыз бармайды. Бірақ ер-азамат бейнесін бала қайдан алады, амал жоқ, теледидар­дан, кинодан, әйтеуір, өзі­нің аяғы жеткен жер­лерден іздейтіні анық. Тіпті қызтекеле­ніп кет­песе де, әйел секілді ойлап, әйел се­кіл­ді тым әсершіл, әйел се­кіл­ді тым жұмсақ, уа­йымшыл болса, ол дағы жігітке жара­сым­сыз. Қоғамда қазір «альфонс» еркек­тер де етек алып барады. Яғни әйелді ал­дына са­лып, соның есебі­нен күн көріп жа­та­тын­дар. Өзі әдейілеп сондай әйелдерді із­деп, та­уып, үйленіп, сосын жы­лы суға қо­лын малып жата бере­ді. Тым кер­без, бойын бұл­ғаң­датып, айна алдынан шық­пайтын жігіт­сы­мақтарды кө­ріп жүрген шы­ғарсыз? Шаш­тарын кәріс жігіттеріне елік­теп қиды­рып, соларша ма­йы­сып жүр­гені. Қыздар­дың да идеалы сондай жігіттер болып бара­ды. Жауырыны қақпақтай, мі­не­зі ауыр, тепсе темір үзетін, бір сөзді, на­мыс­ты деген сипатқа ие ер-азаматтар қа­зір, шыны ке­рек, жәдігерлікке айналып бара жат­қандай ма?.. Қыздар­дың да бұ­рым­ды, ізетті, ина­батты, ақырын жү­ріп, ер адам­ның алдынан кесе-көлденең өтпейтін қасиет­тері де сол «жәдігерлер­дің» қатарын өсіріп бара жатқаны рас.

Айтпақшы...
Ер-азаматтардың статусын көтеру – біздің, яғни қыз-келіншектердің де қолындағы дүние. Еріміз үйге кіргеннен «қайда жүрсің?» деп жағадан алмас бұрын, баламыздың алдында оның әке деген қадірі барын сезінсек.Сонда ғана балаларымыз да «әкең келе жатыр» деген сөздің қадірін ұғатын болады.

Тобықтай түйін
«Қап, мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым-ау» деп шәкіртінің кемшілігін өзінен көретін сондай мейірімді Рахманов ағайлар қайда бүгін? Жалпы, ер мұғалімнің мектеп атаулының көзінен бұлбұл ұшқаны қай заман?!. Ендеше, ұстаздық деген қастерлі мамандыққа жігіттер жағы да кіріссе. Бұл – бір. Тағы бір айта кетерлігі, отау құрғаннан бастап әр азамат өзінің әкелік жауапкершілігін сезінсе, балаға жалғыз анасы ғана емес, өзінің де жауапты екенін білсе... Үшіншіден, ерлік, өрлік, намыс деген қасиеттерді баланың бойына кинолар арқылы сіңіру нәтижелірек болмақ. Сондықтан басты кейіпкері ер мінезді, қаһарман тұлғалы көркем фильмдер түсірсек. Осыны ел болып, мемлекеттік деңгейде қарастырып, жүйелі бағдарлама жасайтын кез келгендей. Әйтеуір, әке, аға, бауыр, ер жігіт атаулының еңкейген басын тіктеп, еңсесін көтерейік те!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста