Менің ойлайтыным, ертең қыздарға обал.«Я Пышка» фильмінде басты рөлді сомдаған Назерке Назарова журналист Ғалымжан Сәңкібаевтың «Бізден сізге» бағдарламасына сұхбат беріп, Нью-Йоркте оқитын қазақ жігіттерінің гей екенін айтып берді, деп хабарлайды Osekshi.kz.
«Көріп, көріп көзім үйреніп кеткен. Мен ол жерде қазақ гей жігіттерді де кездестіргенмін. Ашық айтайық, үйдің жалғыз жігіттері гей. Ол жерде олар мексикандық, американдық жігіттермен жүреді. Соларға «Сендер ертең үйленесіңдер ме?», – деп сұраймын. «Үйленемін, әке-шешемнің жалғыз баласымын, әке-шешем қабылдамайды», – дейді. Менің ойлайтыным, ертең қыздарға обал. Әйелімен баласы болады, ана жақта еркекпен жатады», – деп ашынды Назерке Назарова.