«Әке борышы» отбасы құндылықтарын насихаттайды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Алдағы күзде отандық жаңа отбасылық телехикая экранға шығады. «Әке борышы» аталатын сериал – «3 ТА PICTURES» компаниясының «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңа телевизиялық маусымына әзірлеп жатқан жобасы. Шетелдің таптаурын сериалдарынан жалыққан қалың көрерменнің назары енді әке мен балалар сүйіспеншілігі тақырыбын насихаттайтын өз телетуындымызға жаппай ауады деген сенім бар.
Бізде отандық телехикаялар жоқ емес, бар. Бірақ көпшілікті түріктің не корейдің сериалдары сияқты жаппай баурап ала­тыны некен-саяқ. «Әке борышы» аталатын телехикая сондай дүниелер сияқты көп көрерменнің жүрегіне жол табуды көздеп отыр. Жобаны қолға алған «3 ТА PICTURES» компаниясының теледраманы түсіруге түріктің атақты киношеберлерін шақырға­ны сондықтан. 16 бөлімнен тұратын теле­хи­каяны «Фатмагүл» сияқты сериалдарды жасаған мамандар түсіреді. Бірақ телехи­кая мазмұны, сюжеті – қазақтікі, фильм қазақ тілінде. Мұнда қазақстандық театр және кино әртістері ойнайды. Олардың қатарын­да Құман Тастанбеков, Гүлшат Туто­ва, Ай­дос Бектеміров, Гүлшарат Жұ­бае­ва сияқты әртістер бар. Кастингтен, негізінен, М.Әуезов және Ғ.Мүсірепов аты­н­дағы Қазақ драма театрларының актерле­рі өткен. Фильм жаңа жұлдыздарды да аша­тын болады. «3 ТА PICTURES» компа­­­ния­­сы­ның өкілдері жобаның бюджеті туралы мәліметті жария еткен жоқ, олар­дың айтуынша, бұл жағынан «Әке боры­шы» осы кезге дейінгі отандық телехикая­лармен шамалас. Бір апта бұрын түсірілімі бастал­ған сериалдың ең басты артықшы­лығы – оны танымал шеберлердің қолға алуы ғана емес, соны­мен бірге, тамаша идеясы да. «Адам бала­сы дұрыс та, бұрыс та әрекет жасайды. Үне­мі дұрыс жолда боламын деп, қателіктердің шырмауында қалып та жата­ды. Осы телехи­каяда жақсы да, жаман да әрекеттерге барып, сүйе де, сүйікті де бола білген және қиыншылықтарға мойын­сынбай, өздерінің махаббаты мен сенімдері үшін күрескен жандар бейнесі сомдалған. Біз адамзаттық, демек, махаббат пен отба­сылық құндылық­тарды дәріптеу мақсатын­да қадам жаса­ғалы отырмыз», – дейді жобаны қолға алу­шылар.
Алмагүл ТІЛЕУХАНОВА, «3 ТА PICTURES» компаниясының бас продюсері:
– Қазақ болсын, басқа түркі халқы болсын, адам өміріндегі ең негізгі мақсат – отбасы бақытына жету. Бұл телехикаяда отбасындағы махаббат, балалардың бір-бірімен бауырластық қатынасы, ата-ананың, әкенің бала­лар­ға сүйіспеншілігі дәріптеледі. Әке өз балаларынан 20 жылға айырылады. Неліктен бұлай болаты­нын көрермен көре жатады. Менің­ше, әр көрермен сериал кейіпкерле­рі­нен өздерін байқай алады.

Гүлшат ТУТОВА, Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы:
– Мен бұл фильмде Жазира есімді әйелді сомдаймын. Бұл әйел өмірден шындықты, әділдікті іздейді. Ол байлыққа, дәулетке қызықпайды. Әйелдің қырық жаны бар дейтін болсақ, сол қасиеттердің бәрі бұл әйелдің бойынан табылады. Бұл сериалда түрік режиссерімен жұмыс істейтіндіктен, мұны өнер алмасу, тәжірибе алмасу деп түсінемін. Бір байқағаным, қазақтар киноны асық­пай түсіретін болса, түріктерде ондай жайбарақаттық жоқ екен, бұлар бір дубльмен түсіреді. Негізі, сол бір дубль актердің бар қабілетін, шеберлігін көрсетеді. Ал біз көбіне үшінші, төртінші, бесінші, тіпті, 12 дубльмен түсіп жатамыз ғой. Бұл сериалда қарбалас, жанталас көп. Дегенмен жобадан сәттілік, жақсылық күтемін.

Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы:
– Ұлттық арна өзінің кезекті жобасына қадам басты. Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш әрі үлкен жауап­кершілік. Биыл «Қазақстан» теле-ра­дио­ корпорациясы өз көрерменде­ріне бірнеше телехикаяны ұсынып отыр. Оның алғашқысы – Қазақстан құқық қорғау органдары қызметкер­ле­рінің еңбегін паш ететін отыз бөлімді «Парыз» атты сериал. Алдағы күндері қазақстандық әскерилердің өміріне арналған, Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихынан сыр шертетін және басқа да телехикаялар көрсетіледі. Ал мына «Әке борышы» аталатын жоба халқы­мыз үшін қастерлі саналатын отбасы тәрбиесі мәселесіне, оның ішінде, әке мен балалардың қарым-қатынасына арналып отыр. Сериал сценарийі ұсынылған кезде, біз оны бірауыздан қолдадық.

«3 ТА PICTURES» компаниясы телехикая түсірілімінің басталғанын The Cosmopolitan Bar мейрамханасында салтанатты жағ­дай­да атап өтті. Кеште «Әсем» тобы мен Әсел Қарсыбаева өнер көрсетті. «Сымбат» сән академиясы мен белгілі стилист, дизайнер Саят Досыбаевтың дефиле-думаны назар­ға ұсынылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста