Академиктің ер-тоқымы

Баянауыл ауданындағы әйгілі ғалым, геолог, академик Қаныш Сәтбаевтың мұражайы қорында 1400-ден астам құнды жәдігер бар. Жуырда олардың қатары академиктің қолданған ер-тоқымымен толыға түсті.


Ер-тоқым қайыңнан жасалып, күміспен күптелген. Киіздің белгілері көрінеді. Мұра­жай қызметкерлері «бұл зат Сәтбаев­тар отбасының ата-бабасынан қалған» немесе «Қ.Сәтбаевқа мұрагерлікке сыйға тартылған» деп топшылауда. Қазірде кө­не­нің көзіне айналған экспонат мұражай­дың негізгі қорына енгізіліп, төрінен орын алған. Алайда жәдігер қалпына келтіруді қажет етеді.
Үміт САҒЫМБЕКОВА, Қ.Сәтбаев атындағы мұражайдың директоры:
– Ғасырдан астам уақыт бұрын жасалған көне ер-тоқымды Қаныш Имантайұлы балалық және жастық шағында қолданған. Бұл көне ат әбзелі бүгінгі күнге дейін Қаныш Сәтбаевтың туған жері – Теңдік ауылының тұрғыны Тастемір Шаше­нов­тің отбасында сақталып келген. Болашақ ғалым туған ауылынан білім алуға аттанарға дейін пайдаланған. Кейін ата-анасының үйіне қалдырып кеткен. Негізі, Тастемір Шашеновтің әпкесі Сәтбаевтар әулетіне келін болған. Ер-тоқым Теңдік ауылында қалғаны да сондықтан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста