Академикті еске алуға арналған зияткерлік олимпиада

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін­де тіл біліміне  тың зерттеулерімен із қалдырған филолог ғалым, академик Сейілбек Исаевтың  75 жылдығына арналған зияткерлік олимпиада өтті. Лингвистикалық сайыс осымен қатарынан сегізінші жыл ғалым­ның туған күнінде өткізіліп келеді.
«Қыздар университеті» медиаорта­лығының хабарлауынша, «Исаев оқулары­ның» аясында өткен дәстүрлі білім додасына қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенттері қатысты. Сайыстың алғашқы кезеңі қазақ тіл білімінің теориясы, тіл біліміндегі даулы мәселелер, зерттеуші ғалымдар мен олардың еңбектері туралы сұрақтар бойынша өтсе, екінші турда білім­паз жастардың қазақ тіл білімінің ситуация­лық сұрақтарына қатысты пікірі тыңдалды. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды – 3-курс студенті Ә.Тұрдалиева, кейінгі орындарды Р.Әбішева, А.Төлеген, З.Сағын, А.Қалкен сияқты студенттер иемденді. Исаев олимпиадасы соңында студенттер мен қонақтарға академик, профес­сор Сейілбек Мұхамеджарұлы туралы бейнефильм көрсетілді. С.Исаев 1938–1999 жылдар аралығында өмір сүрді. Ол қазақ тілі грамматикасы мен қазақ әдеби тілінің дамуын зерттеп, тіл білімін жылдар бойы қалыптасып келген қасаң түсініктерден арылтуға тырысты. Наурыздың 13-і күні ғалымның туғанына 75 жыл толды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста