Қырғызстандағы Халықаралық Айтматов академиясы қазір алыс-жақын елдерге белгілі. Бұл академия заңғар жазушының көзі тірі кезінде құрылған. Оған Қазақстанның біраз әдебиетші ғалымдары мүшелікке енген. Олардың арасында Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жолдасбеков, Қансейіт Әбдезұлы, Құныпия Алпысбаев, Өмірхан Әбдиманов, Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Жақып сияқты зерделі зерттеушілер бар. Енді олардың қатарына филология ғылымының докторы, профессор Амантай Шәріп қосылды.
Бұл туралы осы академияның президенті, Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, Қырғызстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абдылдажан Ақматалиев хабарлады.
Амантай бұл ғылыми атаққа қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяны және түркі дүниесіне ортақ рухани құндылықтарды зерттегені үшін ие болды. Сондай-ақ ол Алаштың тұлғалы қайраткері Сұлтанбек Қожановтың әдеби мұрасын зерттеп, жарыққа шығарған ғалым, белгілі ақын, қарымды публицист ретінде де көпшілікке танымал.
Айтматов академиясының жаңа академигі
Последние статьи автора