Айқын көпшіліктен жасырып келген әйелін бейнебаянға түсірді (видео)

Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили «Әр күні» («Каждый день») композициясына бейнебаян түсірді. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушылар 2015 жылдың қарашасында бірлесіп жұмыс істей бастаған еді. Сол кезде Айқын Ресейдің және шетелдің әртістерін Қазақстан территориясында ұсынатын Аслан Тілеубаевпен танысқан. Тілеубаев Айқыннан кіммен бірге ән айтқысы келетінін сұраған, әнші Сосо Павлиашвилиді сүйіп тыңдайтынын айтады. Келіссөздерден кейін әртістер бірге бейнебаян түсіреді деген шешім қабылданады. Бейнебаянның режиссері Валерий Задарновский.

«Әр күні» әнінің авторы Сосо Павлиашвилидің өзі, қазақ тіліндегі сөзін Арман Дүйсенов жазып берді. Айта кетейік, әртістер бейнебаянды жұбайларына арнап отыр. Мәселен, видеода Айқынның әйелі Асель мен Сосоның жұбайы Иринаны көруге болады. «Сосомен сөйлескенімізде ол өз әйелдерімізді түсірсек жақсы болар еді деді. Ол әнін өзімен күн сайын бірге болатын сүйіктісіне арнады. Мен оған ешқашан әйелімді жұрт алдына шығармағанымды айттым. Бірақ ол мені көндірді. Менің әйелім Аселя ең басында келіспеген еді, себебі ол жүктіліктің төртінші айында. Оны да әйтеуір көндірдік. Төрт күнде әрең көндірдік», — деді Айқын.

Қазіргі уақытта Айқын 2 наурызда Республика сарайында өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр. Ол көрермендеріне 3D элементтері бар бірегей шоу көрсетуге уәде берді. Сол күні оны қолдап жақын әріптестері Нұржан Керменбаев, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Дастар Оразбеков, Луина және Қанат Сыбанов келеді. «Бұл менің сахнада жүрген 13 жылымдағы Алматыдағы екінші жеке концертім болады. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілік. Дайындалып жатқанымызға көп болды, барлық көрерменіміз елдегі дағдарысты бір уақыт ұмытып, жақсы, жанды музыка тыңдасын деп, оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келеді», — деді Айқын 

Baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста