Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын баяндады

Танымал айтыс ақыны әрі тележүргізуші Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынованың жол апатын жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бүгінде аталған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықтала бастады. Today.kz хабарлауынша, 18 жастағы Айдана Көпбосынова 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиевті “Бәйтерек” монументінің алдында қағып кеткен. Зардап шегушінің туысы Мерей Ескендірованың айтуынша, жол апатынан жарақат алған Мейіржан әлі ауруханада жатыр. Оқиға 30 тамызда тіркелді. Айдана Көпбосынова Land Rover Discovery 4 көлігін тізгіндепті. Ал зардап шегуші Мейіржанның бас сүйегі зақымданып, миы қозғалып, бірнеше жері сынған. «Дәрігерлер оған үш ай бойы тұруға тыйым салды, қазір күніне бес минуттан ғана отырады. Оның үнемі басы айналады. Таяуда ағамды соққан қыздың анасы хабарласты. Ол екі миллион теңге көмек ретінде жинап қойғанын айтты, бірақ, мұның бәрі құр сөз болып қалды. Кездесуге шақырды, бірақ біз тек адвокатпен бірге баруға келісеміз. Маған оның сөйлесу мәнері ұнамады. Мүмкін ол Аллах туралы жақсы ниетпен айтқан шығар, бірақ сенім тудыратын адам емес. Мен бұл өте аз ақша екенін, оның шығындарын өтеуге жетпейтінін айттым», – деді Мерей Ескендірова Қыздың айтуынша, Мейіржан Қасымғалиевтің отбасы істі сотқа жеткізіп, кінәлі адамды жазаға тартпақ. «Заң бойынша жауап берсін, бастысы, тергеушілер істі жауып тастамаса болды. Біз осы туралы қатты мазасызданып жүрміз. Оқиғаның жалғыз куәгері де байланысқа шықпай қойды, қоңырауға да, хабарламаға да жауап бермейді – бұл бізді алаңдатып отыр»,- деп қосты Ескендірова. Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева, зардап шеккен баланың отбасы кез келген көмектен бас тартып отырғанын, бірақ көмек ретінде тек ірі көлемдегі қаражатты қабылдауға дайын екенін айтты. «Біз оларға көмектесуге дайынбыз, бірақ олар бас тартып отыр. Басынан бастап, Айдана оны соғып кеткеннен бастап, өзі жедел жәрдемді шақырған. Біз күнде ауруханаға келіп отырдық, бірақ кейін олар күзет қойып, бізді кіргізбейтін болды. Баланың отбасы ірі көлемдегі қаражат сұрап отыр. Бірақ, бізде мұндай ақша жоқ. Олар 30 мың доллар сұрайды, осындай қаражат болса ғана адвокаттың қатысуымен кездесеміз, болмаса, мазамызды алмаңдар деп отыр. Біз көмек беруге дайынбыз, күтуші жалдап бергім келді, бас тартты, ақылы палатаға ауыстыруды ұсындық, бас тартты, дәрі мен азық-түлікті сатып алуға рұқсат бермеді. Қызым ауруханаға барып еді, шешесі оған: – “мүлдем келмесін”,- депті. Енді заң бойынша жауап береміз, басқа амалымыз жоқ», – дейді Айнұр Тұрсынбаева. Естеріңізге салайық, Мейіржан Қасымғалиевтің туыстары Астанада тамыздың отызы күні болған ЖКО куәгерлерін іздеп жатыр. Апат Нұржол бульвары мен “Байтерек” монументі жанында “Керуен” ойын-сауық орталығы жағында болған. Зардап шеккен жігіттің апасы айлакерлер сол жерде түсірілген бейнежазбаны сатуға тырысқанын айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста