Айнұр Тұрсынбаева табысы, 34 көлігі және психология жайлы
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында табысы, 34 көлігі және психологияға деген қызығушылығы жайлы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айтыскер ақын табыс көзі жайлы сұраққа нақты жалақы алып отырған жері жоқ екенін айтты. "Жасым 40-қа келіп қалды, мен әлі көп жерде тұрақты жұмыс жасаған жоқпын. Айтысты менің кәсібім екен деп ойлайтындар бар, ал айтыс менің өмірім, айтыссыз өмір сүре алмаймын. Айтыскер ақындардың барлығын өз отбасым сияқты қабылдаймын. Басты күн көрісім осы айтыста домбыраммен күн көремін деп айту керек шығар. Айтысқа шығамын, тойларға шығамын", - дейді Тұрсынбаева.
Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен The Эфир жобасына белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов және "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.