Айнұр Тұрсынбаева: Әйелін алтынға малып, аналарын ұмытқан азаматтар бар

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әйелін үлде мен бүлдеге орап, алтынға малып, аналарына көңіл бөлмейтін, тіпті қоңырау шалмайтын азаматтар жайлы айтты. Ақын бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

«9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағыңды кеңітіп дүниеге сәби әкелу қандай ауыр болса да, ана үшін теңдессіз бақыт... Бала ол біздің бауыр етіміз.. Ол үшін өліп кетуге дайынбыз... Ол ауырғанша мен-ақ ауырайын... Жаным.. Жүрегім... Әңгіме басқада негізі. Кез келген бала өсіп келе жатқанда анасының көлеңкесі болып жүреді.. Мамасы да баланың миына сәби кезінен бастап "осы балам бастық болады немесе осы балам мені бағады" деген сияқты ақпараттарды құя бастайды.... Бұған қанаттанған бала да "өскенде саған дәу уй салып берем, күшті мәшинеге мінгізем немесе сізді ренжіткен әйелді қуып жіберем" деген сияқты әңгімені көп айта бастайды.. Көз алдымызға өсіп, бастық болған, бай болған баламыз елестеп мәз боламыз... Бірақ..Бала өседі, ер жетеді.. Маxаббат xикаялары басталады... Соның өзінде мамасымен ақылдасып "қызыма не әперейін, киноға баруға ақша беріңізші" деп үнемі ақылдасу үстінде болады... Қызықтың көкесі үйленген соң басталады... Енді мамасына әдемі көйлек әперуге ақша жоқ...Алтынды үлкен адам неғылады?! Керемет көлікті келін мініп алған.. Дәу үйді өздеріне салатын болды... Ақылдасатын адамы басқа қазір..Бөлек кетсе тіпті балаңды табу қиынға айналады... Баяғы тәтті армандар көз алдыңда бұлдырай бастайды... Ақыр аяғында көйлегі құрсын, сыйлығы құрсын дауысын естіртіп xабарласса ғой деп қиналып жүрген аналарды білеміз... Әрине, әйеліңді жарқырат, сыйла, той жасап бер, алтын-күміске малып қой... Ол сенің парызың! Қасыңдa жүрген соң сәніңді келтіріп жарқырап жүрсін! Бірақ шешеңнің де үстіне бір қарап қойшы.. Көйлегі қандай?! Әйеліңе 10 алтын тақтың, шешеңе ше? Отбасыңмен қымбат көлік мініп тайраңдайсың, анаң автобуста белі қайысып тұрған жоқ па?! Бір ауқатты адамның тойында болдым, әйелі екеуіне қарасаң көзің тояды, таққан алтын мен киген көйлек бірнеше миллиондыкі екені көрініп тұрды.. Керемет! Бір кезде тілек айтуға кәрі әке-шешесі шықты... Мен үстілеріне қарап айдалада отырып кіретін тесік іздедім... Жаным ауырды... Айналып кетейін ер-азаматтар...! Аналарыңызды мұңайтпаңыздаршы.... Сіздің "ақ мамау-ау" деген жылы сөзіңізге зар болмасыншы.. Өлген соң қабірін құшақтамай, тірісінде қадірін біліңізші..»-дейді ақын. 

Reactor

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста