Қазақстандық актриса Айнұр Ілясова ерлерге арналған Gagarin.tm сайтына тәнін жалаңаштап, суретке түскен болатын. Әртіс мұндай әрекетке қоғамның стереотиптерінен бос адам екенін көрсету үшін барған.
Айсұлу Comode.kz-ке берген сұхбатында ашық-шашық фотосессияға тағы бір қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаеваның да қатысқанын айтып өтті.
“Айсұлудың аудиториясы оған дайын болды. Ол фотосессияға дейін де түрлі бейнеклиптерге түскен еді. Ол еркін, шетелде оқыған, жұрттың айтқанына ермейтін қыз. Ал өзіме келетін болсам, бұл біреу үшін жасалған нәрсе емес. Өзім үшін. Өзімді біздің қоғамның стереотиптерінен бос адам екенімді көрсету үшін”, – дейді Айнұр Ілиясова өз сөзінде.
Фотограф фотосессия аяқталғанна кейін суреттерді Айнұрға көрсеткен. Фотограф өзі суретші болғандықтан, ішкі көрінісіне сәйкес өте ашық, тым сексуалды кадрлар жасаған.
“Алғашында біз ондайға келіспеген едік. Әрине, суреттер өте әдемі болып шықты. Сөз жоқ. Бірақ, біздің адамдар оны түсінбейтінін білемін. Сондықтан, барлық кадрларды өзгіртіп, шамам келгенше артық кеткен жерлерін кесіп тастауды сұрадым”, – дейді актриса.
Әртістердің ашық-шашық суреттері біршама уақыттан соң халық арасына тез таралып кеткен. Олардың ерсі қылығы тіпті отандық арналардың бір бағдарламасында көрсетіліп үлгерді. Осыдан кейін Айнұр Ілясова суреттерді алдымен өзі жарияламағанына өкініп қалған.
Мен суреттерді тығылып, қорыққаннан жасады деген ой болмау үшін өзім жариялауым керек пе еді?
“Мен оны тығылып, қорыққаннан жасады деген ой болмау үшін өзім жариялауым керек пе еді?”, – дейді актриса.
Айнұрдың айтуынша, адамдардың бірінші реакциясы жағымсыз болды. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін көп адамдар ойын өзгерткен. Себебі, Айнұр ол суреттерде жалаңаш шешініп тұрмаған көрінеді. Кейіннен көрермендер арасында “суреттер әдемі” деген пікірлер көбейген.
nur.kz