«Айгүл ханым сүйіктіңіз бе?»: ер адамның бетінен сүйіп тұрған әнші Иманбаваның суреті желіде қызу талқыға түсті (ФОТО)
Отандық танымал актриса Айгүл Иманбаеваның жаңа фотосы желіні шулатты. Бейтаныс азаматтың бетінен сүйіп, суретке түскен өнер иесі қызу талқыға қалды. Көпшілік жалғызбасты жұлдыздың қасындағы ер адамды оның сүйіктісі деп болжауда деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айгүл Иманбаева халық қызығушылығын тудырған фотоны Instagram парақшасында бөлісті. Суретте актрисаның белгісіз азаматтың бетінен сүйіп жатқан сәті көрініс тапқан. Қызығы, өнер иесі де, бейтаныс ер адам да классикалық үлгіде киініп алған.
Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызы жариялаған фотосының астына пікірлерін қарша жаудырған. Оқырмандардың басым көпшілігі оған бақыт тілеп, тезірек отбасын құруын ұсынған.
"Не болып кетті? Бұл күнге де жеттік-ау. Бақытты болыңыз, сіз лайықтысыз" , "Айгүл ханым сүйіктіңіз бе?" , "Бақытты болыңыздар, отбасылы болыңыз" , "Бұл клипіндегі жаттықтырушы жігіт емес пе? Бақытты болыңыздар" , "Сіз үшін қуаныштымын, көп жүрмей тұрмысқа шығыңыз" , - деп жазуда желідегілер.
Алайда, кейбір оқырмандар бұл фото Иманбаеваның бейнебаяны барысында немесе концерті кезінде жасалған деп топшылауда.
"Клипінің түсірілім секілді" , "Бетінен сүйіп тұрғанын салса не болады екен" , "Концерт кезінде жасалған фото ғой. Кішкентай қыз гүл шоғын сыйлайын деп тұрғандай" , "Енді мүлдем ешбір азаматпен фото салуға болмайды ма? Басы бос қой, өзі біледі" , "Жеке өміріне араласа бермеңдер. Ол кісі кімді қашан салса да өз еркінде" , -деп жазды олар.