Айгүл Мүкей күйеуінің қай жақтан екенін айтып қойды
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей жан жарының қай жақтан екенін алғаш рет мәлім етті. Желіде ерекше жазба қалдырған ол, оны ренжітіп алғанын да жасырмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей аталмыш жазбаны өзінің Instagram парақшасында жария етті.
"Қайырлы таң. Кеше мен күйеуімді ренжітіп алдым. Біріншіден, ол ауырып қалды... Екіншіден әрине ол ауырғандықтан, диванда бөлек, бәрімізден оңашада жатты. Үшіншіден, оған үйде ең бірінші болып өзі ауыратынын айттым. Ал таңертең ол соған ренжіп, көңіл-күйінің жоқтығын айтты.
Ал мен тек таңертең ғана сүйіктімді ренжітуге болмайтынын түсіндім... Бірақ мен оған кеше қарайласып, емдесем де өзімнің "солтүстікке тән" әдетіме салып, бәрін бетке, тіке қарап айтып салыппын.
Жалпы ұққаным, оңтүстік тұрғындарына бізде солтүстікке үйрену қиын ғой деймін. Біздің үйде Жамбыл, Шымкент, Алматының да адамдары тұрып жатыр... Тек мына суреттегі, қара жейдедегі әдемі бойжеткеннен басқасының бәрі тоңып жүр...Қысқасы жылы киініп жүріңіздер, оңтүстік және солтүстік тұрғындары да...", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары тележүргізушінің әзіл-шыны аралас жазбасына әзілмен жауап берді. Олар:
"Қою керек қой біздің жігіттерді ренжітуді", "Оңтүстіктің жігіттері кең ғой, бәрін кешіреді", "Қай жақтан болса да бақытты болыңыздар" деген тілектерін жаудырып жатыр.