«Айгүл» кешіне шақырады

«Айгүл» кешіне шақырады

Заманында Қыздар педагогикалық институты туралы сөз еткенде алдымен ауызға «Айгүл» ансамблі ілінетін немесе керісінше «Айгүл» десе осы бір оқу орны еске түсетін. Кейіннен Қыздар институты былай тұрсын, Қазақстанның атынан әлем елдеріне гастрольдік сапарларға шыға бастаған «Айгүл» ансамблінің құрылғанына биыл 40 жыл толыпты. Осыған орай, Елордамыз Астанадан бастап еліміздің біраз қалаларын аралауға кіріскен қыз-келіншектер тобының бүгін сағат 19.00-де Алматыдағы Республика сарайында «Тек қана қыздар» деп аталатын концерті өтпек.
Ансамбль өздері құрылған 70-80 жылдары Польша, Франция, Жапо­ния, Германия, Египет, Сингапур мемле­кет­те­рінде концерт беріп, көзайым көрер­мендерін өнерлерімен тәнті етіп қайтты. Осылайша он бес жыл сахнадан түспеген «Айгүлдіктер» араға 26 жыл салып, 40 жылдық мерейтойлары қарсаңында қайта бас қосуды ұйғарыпты. Сөйтіп, бір кездегі репертуарларын заман талабына сай қай­­та жаздырып, өнер айдынына оралды.
Сақыпжамал Ұзақбаева, Халық­аралық педагогика білімі акаде­мия­сының акаде­мигі, ансамбль мүшесі:
– Негізі, біздің сахнаға қайта ора­луы­мызға мұрындық болған Қыздар педа­гогикалық университетінің қазіргі ректоры Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева. Ол осы оқу орнының 60 жылдығы қарсаңында «бір кездері атымызды әлемге танытқан «Айгүл» қайда екен? Жастарға өздерінің сахнада тұру мәдениеті, дауыстары жағы­нан үлгі болсын, соларды табайықшы» деп іздепті. Сол үшін Шәмша Көпбайқызына және әндерімізді түгел өңдеп, жазған Бағлан Омаровтың «Арман» продюсерлік орталығына, сондай-ақ сазгер Дүйсенхан Сыздықовқа алғыс білдіреміз.
Өнерімен өрге озған «Айгүл» ансамблі «Тек қана, қыздар» деп аталатын бей­нетаспаларын да шығарып үлгеріпті. Осында топтастырылған 60-70 жылдар­дағы қазақтың ретро әндері бүгінгі кеште шырқалмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста