Айгүл Иманбаева Сәбит екеуінің арақатынасы жайлы ашық айтты (фото)
Отандық шоу-бизнес пен телевизияда сан қырынан танылып жүрген Айгүл Иманбаева көрермендермен Сәбит екеуінің қатынасы жайлы ой бөлісті, деп жазады NUR.KZ.
23 қазанда актриса Айгүл Иманбаева Ғ. Мүсірепов атындағы академиялык жастар мен жасөспірімдер театрында “Кейіпкер келбеті” атты жаңа жобада жанкүйерлерімен кездесу өткізді.
Өнер әлемінде өзіндік орны бар әртіс әңгіме барысында экс-жұбайы, жастар театрының жаңа басшысы Сәбит Әбдіхалықов жайлы да сөз қозғап, екеуінің қарым-қатынасы жайлы айтып өтті.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың сәуір айында Сәбит Әбдіхалықов Иманбаева қызмет ететін балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы болып сайланған еді. Осы жайттан соң, ел арасында екі әртістің арасы қалай болар екен деген сауал пайда болды.
Айгүлге күшті болыпты. Сәбит шеф болды ғой, енді барлық жағдайды жасайтын шығар
“Айгүлге күшті болыпты. Сәбит шеф болды ғой, енді барлық жағдайды жасайтын шығар деп шулап жатқандар көп. Маған мұндай әңгімелер ұнамайды. Мен Сәбитке тек бастығым ретінде қараймын”, – деп жауап берді танымал актриса көрермендер сұрағына.
Алайда, Айгүл Сәбит екеуінің ортақ ұлы Асылжанның әкесінен аумай қалғанын және әке жолын қуғысы келетінін жасырмады.
“Ұлым өнерге жақын, әкесі секілді режиссер болғысы келеді. Кино түсірмек арманы бар”, – дейді Иманбаева.
Қазірді 11-сыныпта оқитын Асылжан болашақта шетелде білім алатын көрінеді.
Сондай-ақ, Айгүл Иманбаева “А.И”жеке театрын Астанаға көшіріп жатқанын айтып қалды. Актерлердің бұрынғы құрамын Айгүл түгел таратып жіберген. Театрдың жаңа тобы астаналық актерлерден жасақталмақ.
nur.kz