Айгүл Иманбаева күтпеген жаңалығымен бөлісті

Әнші, актриса, тележүргізуші, сан саланы қатар алып жүрген Айгүл Иманбаева сенсациялық жаңалығын мәлім етті. Әнші Америкаға қоныс аударып, елден тысқары кетпек ниетте екен.

 

Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

 

Айгүл Иманбаева соңғы кездері көптің аузында. Жақын күндері бейтаныс ер азаматпен түскен суретін желіге жариялаған әнші көпшілікті толғандырып қойды. Тыңдарманы әншіні тұрмысқа шығады деп топшылады, алайда әнші бұл әңгіменің жалған екенін айтып ақталды.

 

Иманбаева өзін қызу талқыға салған журналистер қауымына өкпелі. Дегенмен ақпараттың рас-өтірігін сұраған тілшілерге ешқандай жауап бермейтінін айтып, үзілді-кесілді қарсы болды. Бүгінде ағылшын тілін үйреніп жатқанын айтып қалды. Себебі алдағы уақытта 10 жылға Америка аспақ.

 

"Менің жұмысыма да қатысты, жеке өміріме де байланысты Америкаға кетіп бара жатырмын. 10 жылға шетелде боламын. Бұл маған өте қажет болғандықтан қабылданған шешім. Сол себепті қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Ағылшын тілі ең оңай тіл екен. Тек ниет болса болды. Америкада бұйырса 10 жыл боламын деп жоспарлап отырмын", - деді Иманбаева.

 

Бұл мәлімдеме желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар әншіден не себепті кететінін сұрап жатыр.

 

"Неге алысқа кеттіңіз?", "Сол келде қалып қоймайсыз ба?", "Өз еліңізде қалуға болмас па еді?", "Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығасыз ба?", - деп жазды олар.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста