Айгерім Мамырова мені Иса Әлимұсаның арасында не бар?
Соңғы уақытта Айгерім Мамырова мен Иса Әлимұса жиі бірге жүреді, ел ішінде "көңіл қосқан" деген сөз тарап кеткен еді. Ол қаншалықты шындыққа жанасады, қос өнер иесін не байланыстырады?
Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Айгерім Мамыровамен сұхбаттасып, шындықты білуге тырысты.
- Айгерім карантиндегі уақытыңыз қалай өтті немен айналыстыңыз?!
- Карантинде Алматы қаласында болдым. Не болса да алматылықтармен бірге көрейін деп қалдым. Ауылыма кетпедім. Азық-түлік дүкенімен үйдің арасын тоздырдым. (Күліп). Карантин басталғанда өзіме гитара мен домбыра алған болатынмын. Соны жәй-жәй үйреніп келе жатырмын. Уақыт осылай өтуде.
- Жаңа әндер жазылып жатыр ма? Бейнебаян ше?
- Иә, жаңа әндер жазылып жатыр. Жақында жарыққа шығарамын. Ал бейнебаянға келсек, негізі "Басқа не дейін?!" әніме түсіріп қойған болатынмын. Бірақ монтаж жасайтын жігіт шамалы кешіктіріп жатыр. Күтудемін дайын болса бұйыртса жарыққа шығарамын ғой.
- Соңғы уақытта Иса Әлимұсамен бірге жиі көреміз. Қандай байланыстарыңыз бар?
- Иса менің досым өнерде, де, өмірде де. Иә бірге бағдарламаларға шақырту алып қаламыз. Оның үстіне қатарлас болған соң шығар, түсірілімдерде кездесіп қаламыз. Арамызда достықтан өзге ештеңе жоқ. Шынайы достармыз. Тіпті бізде дуэтте жоқ екен әлі. Көбісі ойлайды екен екеуі көңіл қосқан деп. Жоқ ондай ештеңе жоқ.
- Қоржыныңызда қанша ән бар? Альбомға жетіп қалған болар.
- Қоржынымда жиырмадан астам ән бар. Иә жетеді ғой. Альбом шығару жалпы қазіргі уақытта тиімсіздеу. Интернеттің өзі жетіп жатыр ғой. Дегенменде болашақта шығару ойымда бар.
- Жеке кешіңізді басқа өңірлерде жалғастыру ойыңызда бар ма?
- Негізі ән сапарға алғаш рет жеке өзім шыққаннан соң ба білмеймін, бірақ алған әсерім тамаша болды. Ақтөбе облысынан бастадым, туған жерімнен. 13 аудан, ауыл, облысқа кеш беріппін. Бұл да мен үшін үлкен жетістік. Бұйыртса концерттерге рұқсат беріп жатса, жалғастыру жоспарда бар.
- Жалпы неден қорқасыз?!
- Алладан қорықпайтындардан қорқам. Қараңғылықтан қорқам қай мағынадан болса да. Және жалғыздықтан қорқам.